03.12.2018, 21:34 8909

Сайрам ауданында 2018 жылдыӊ 10 айында 13,9 млрд.теӊге инвестиция тартылған

Аудандағы кәсіпкерлік саласы бойынша белсенді субъектілердіӊ саны 14665 бірлікке жетіп, өсім 12,8 пайызды құраған.

Түркістан. 3 желтоқсан. Kazakhstan Today - Сайрам ауданында 2018 жылдыӊ 10 айында 13,9 млрд.теӊге инвестиция тартылған. Облыс көлемінде инвестиция бойынша ауданныӊ үлесі 6,5 пайызды құрайды. Бұл туралы Түркістан облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сайрам ауданыныӊ әкімі Бақтияр Мамаев мәлімдеді.

Аудандағы кәсіпкерлік саласы бойынша белсенді субъектілердіӊ саны 14665 бірлікке жетіп, өсім 12,8 пайызды құраған.

"Өӊірде 324 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, онда 992 жұмыс орны ашылған. 2018 жылы кәсіпкерлік саласында 85,8 млрд.теӊгеніӊ өнімін өндіру жоспарланып, 10 ай көлемінде 93,7 млрд.теӊге өнімі өндірілген. Нәтижесінде жылдық жоспар 109,2 пайызға орындалған. Сондай-ақ, "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бағдарламасы аясында 10 ай көлемінде 5 жобаға 103 млн.теӊгеге қолдау көрсетілді. Кәсіпкерлікті қаржы институттары арқылы қаржылай қолдау мақсатында аудан көлеміндегі микрокредиттік ұйымдар арқылы 8 мыӊға жуық адамға 4 млрд. 367 млн.теӊге несие берілген", - деді Бақтияр Сапарәліұлы.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласы бойынша аудандағы 42 елді мекенніӊ 97,6 пайызы орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Табиғи газбен аудандағы 42 елді мекенніӊ 19 елді мекені немесе 45,2 пайызы қамтылған. Даму концепциясына сәйкес 2018-2021 жылдар аралығында 23 елді мекен тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз етіп, 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы аудандық маӊызы бар 8 шақырым жолды күрделі жөндеуден өткізу және 72,7 шақырым 66 ішкі жолдарды орташа жөндеуден өткізу жұмыстарына барлығы 1735,1 млн.теӊге бөлінген.

Сонымен қатар, 18,5 шақырымды құрайтын 20 көшеге орташа жөндеу жүргізіліп, нәтижесінде 81,1 шақырым жолдыӊ жағдайы жақсарып, аудандағы қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесі 8,2 пайызға өскен.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны