22.05.2007, 19:15 3351

Салалық реттеуіш құру тарифтердің қайта-қайта өзгеруіне мүмкіндік бермейді - Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы

АСТАНА. 22 - мамыр. Kazakhstan Today. Салалық реттеуіш құру тарифтердің қайта-қайта өзгеруіне мүмкіндік бермейді. Мұндай пікірін бүгін үкімет отырысында Қазақстан Республикасының табиғи минополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің басшысы Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз салалық реттеуіштерді құру баға белгілеу салаларының барлық "тізбегін" біріктіруге мүмкіндік береді, деп күтудеміз. Бүгінде баға белгілеу мәселелерін реттейтін мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерінің келіспеушілігі бір жыл ішінде бір монополистің бір қызметті көрсету тарифінің бірнеше рет өсу жүйесінің пайда болуына әкеп соқтырады",- деді Б. Сағынтаев. Оның пайымдауынша, "көзқарастарды бір мекеме-реттеуіште біріздендіру субъектілер мен доминанттарға байланысты шешімдерді бір уақытта қабылдау механизмін құру жолымен тарифтердің бірнеше рет өзгеруіне жол бермеуге мүмкіндік береді".

Сонымен қатар, агенттік басшысы "тәуелсіз салалық реттеуіштердің пайда болуы монополистердің көрсететін қызметтері мен инфрақұрылымға алалаусыз қол жеткізуге қатысты проблемаларды шешуге мүмкіндік береді" деп санайды. "Реттеуіш мемлекеттік органдар қолданатын көзқарастардың әртүрлі болуынан заңда тіркелген ену құқығының өзі нарыққа кедергісіз кіру жағдайын қамтамасыз етпейді. Бұл құқық жалпы ереже мен нарыққа шығудың техникалық және экономикалық шарттарының ортақ ережелері мен принциптерінде регламенттелуге тиіс, олардың жобасын реттеуіш жасауы қажет, бұл нарыққа шығудағы және нарықтағы билікті теріс пайдалануға мүмкіндік беретін экономикалық және техникалық кедергілерді жоюға жол ашады",- деп түсіндірді Б. Сағынтаев.

Ол сондай-ақ, реттеуіштердің пайда болуы инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруда мониторинг құруға және "бақылаудың, соның ішінде қаржы ресурстарын мақсатты пайдалануды бақылудың тиімді механизмі" сияқты лицензиялау көмегімен міндеттеме құруға мүмкіндік береді. "Тәуелсіз салалық реттеуіштердің пайда болуы тиімді жұмыс істеуге және нарықтың дамуына, экономиканың инфрақұрылымдық салаларының инвестициялық тартымдылығына және бәсекелестік деңгейінің көтерілуіне түрткі болады",- деп қорытындылады табиғи минополияны реттеу агенттігінің басшысы.

Бұрындары хабарлағанымыздай, Қазақстанда Елбасының тапсырмасы бойынша үш тәуелсіз реттеуіш құрылады - шартты атауымен көрсетілетін қызмет, жұмыс және тауарлардың бағалары: қаржы саласындағы реттеуіш, телекоммуникациялық реттеуіш және инфрақұрылымдық реттеуіш. Олардың функцияларын Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қыржылық ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасының табиғи минополияларды реттеу жөніндегі агенттігі атқарады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны