15.02.2007, 16:36 2879

Салық комитеті өзінің аумақтық органдарының қызметін бағалаудың рейтинг жүйесін енгізбек

АСТАНА. 15-ақпан. Kazakhstan Today. Салық комитеті өзінің аумақтық органдарының қызметін бағалаудың рейтинг жүйесін енгізбек. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы қаржы министрілігінің салық комитетінің кеңесінде мекеме төрағасы Нұрлан Рахметов мәлім етті деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз аумақтық органдармен бірлесе отырып салық органдарының қызметін бағалаудың критерийлер жүйесін әзірледік, жүйеде түсім, салық қарыздарымен жұмыс істеу, салық органдарының іс-қимылына апелляция жасау, сыбайлас жемқорлықпен күрес, автоматтандыру, акциздік өнімдер әкімшілігі, Қосалқы құн салығының орнын толтыру сияқты салықшылар жұмысының оншақты негізгі бағыттары жөніндегі 117 критерий қамтылған",- деді Нұрлан Рахметов.

Оның сөздеріне сүйенсек, "осы критерийлердің негізінде аумақтық органдарды бағалаудың рейтинг жүйесі әзірленген, қазіргі уақытта комитеттің орталық аппаратын басқару үшін бағалау критерийлерінің жобасы дайындалуда".

Нұрлан Рахметов өткен жылы бұл жүйенің пилотты жоба ретінде сынақтан өткендігін еске сала кетті. Нәтижесінде салық комитетінің ең жоғарғы рейтингіне Шығыс Қазақстан , Қостанай, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласы ие болды. Ең төмен көрсеткіш - Батыс Қазақстан, Жамбыл және Атырау облыстарында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны