17.05.2007, 18:53 2799

Салық комитеті салық төлеушінің тіркеу мәліметтерін салық құпиясының құрамынан шығаруды ұсынады

АСТАНА. 17 - мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстанның Қаржы министрлігінің салық комитеті салық төлеушінің тіркеу мәліметтерін салық құпиясының құрамынан шығаруды ұсынады. Мұндай пікірін бүгін Қаржы министрлігінің алқа отырысында комитет төрағасы Нұрлан Рахметов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Салық төлеушінің тіркеу мәліметтерін - мекен-жайы, жеке тұлғаның, құрылтайшылардың, басқарушылардың туған ай-күні және басқа да деректемелерді салық құпиясының құрамынан шығаруды ұсынамыз",- деді Н. Рахметов. "Мынадай бір сәйкессіздік бар: біз қаржы полициясына Қосалқы құн салығы бойынша бақылау-тексеру нәтижелері жөніндегі материалдарды береміз. Ал қаржы полициясы бізден барлық мәліметтерді сұрағанда, біз олардың салық құпиясы екендігін айтамыз",- деп түсіндірді ол.

"Салық құпиялары жөніндегі нормалар салық органдарының басқа да мемлекеттік органдарға салық төлеушілер туралы қажетті мәліметтер беруге мүмкіндік бермейді",- деп атап өтті Н. Рахметов. "Салық құпиясына жатпайтын мәліметтер аясын кеңейту туралы мәселені қарастыру қажет деп санаймыз",- деп мәлім етті Қаржы министрлігінің салық комитетінің басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны