07.05.2007, 18:41 3040

Салық комитеті салық заңын оңайлатуды және салық жеңілдіктерін қысқартуды қолдайды

АСТАНА. 7 - мамыр. Kazakhstan Today. Салық комитеті салық заңын оңайлатуды және салық жеңілдіктерін қысқартуды қолдайды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің салық комитетінің төрағасы Нұрлан Рахметов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Салық комитетінің басшылығы салық органдары жұмысының тиімділігін арттыру тұрғысында салық заңдарын оңайлатуды, жеңілдіктер саны мен арнайы салық режимдерін қысқартуды ұсынады",- деп мәлім етті Н. Рахметов. Оның пікірінше, "күрделі салық әкімшілігі күрделі салық саясатына тікелей байланысты". "Егер салық заңында құрылым бойынша бірнеше немесе көптеген түрлі режимдер болса, егер көптеген салық жеңілдіктері болса, онда бұлар салық әкімшілігінің тиімділігіне әсер етпеуі мүмкін емес",- деп санайды Н. Рахметов.

Оның айтуынша, салық төлеушілер көп жағдайда "салық жеңілдіктерін беруге негіз болған нәтижелерге жетуге талпынудан гөрі қандайда бір жолмен осы жеңілдіктерге ие болуға, соны дәлелдеуге тырысады". "Ал сол үшін олар салық мамандарымен байланысқа шығады. Бұл тұста салық маамндары тарапынан қызмет бабын пайдалану мүмкіндіктері бар", - деді Н. Рахметов. "Салық жеңілдіктері мен көптеген арнайы режимдер сыбайлас жемқорлықты тудыруға түрткі болады. Заң неғұрлым қарапайым болса, әкімшілік жұмысы соғұрлым тиімді және қарапайым болып, салық органдарындағы сыбайлас жемқорлық деңгейі де едәуір төмендейді ",- деп қорытындылады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны