07.02.2008, 16:48 2393

Салық түсімдері 2007 жылы 24% артты- Салық комитеті

Салық түсімдері 2007 жылы 24% артты- Салық комитеті

Астана. 7 ақпаня "Қазақстан Бүгін" - Салық түсімдері 2007 жылы 24% артты. Бұл туралы бүгін ҚР қаржы министрлігінің салық комитетінің төрағасы Нұрлан Рахметов қаржы министрлігінің коллегиясында мәлімдеді.

"2007 жылы салық түсімдері 2,8 трлн теңгені құрап, 24% ұлғайды. Бұл салық әкімшіліктендірудің жақсартылғандығын білдіреді ", - деп мәлімдеді Н. Рахметов.

Ол атап өткеніндей, бюджет қоржынына түсіп жатқан салық төлемдері "ҚҚС ставкаларының төмендеуі мен жеке табыс салығының жатық шәкілінің енгізілгеніне қарамастан өсуде".

Сондай-ақ, 2007 жылы тексеру сапасы жақсартылды. "Егер 2006 жылы жасалған шағымдардан кейін қайтадан есептелген салықтардың көлемі 5,4 млрд теңгеге азайтылса, 2007 жылы 2,8 млрд теңгеге төмендетілді. Яғни, азайту пайызы екі есеге төмендеді ", - деді Н. Рахметов.

Ал "берешектер 46,6 млрд теңгені құрап, 3% төмендеді".

Салық комитетінің төрағасы айтқанындай, 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін айыпталған салықшылар қатары 31% , ал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа барғандар саны 60% кеміді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны