25.06.2019, 23:59 9641

"Самұрық-Энерго" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді

Қор Басқармасының шешімімен "Самұрық-Энерго" АҚ директорлар кеңесінің мүшелері Нұрлан Құсайынұлы Рахметовтың және Анатолий Тихонович Спицынның өкілеттігі тоқтатылды.

Нұр-Сұлтан. 25 маусым. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-да Қордың директорлар кеңесінің отырысы өтті. Кездесу барысында "Самұрық-Энерго" АҚ директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, "Самұрық-Қазына" АҚ өкілі болып Жәмиев Алмат Күнжолұлы сайланды, сондай-ақ "Самұрық-Энерго" АҚ директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры Лука Сутераның (Luca Sutera) өкілеттігі 1 жылға ұзартылды. "Самұрық-Қазына" АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Қарымсақов Бейбіт Еркінбайұлы "Самұрық-Энерго" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Қор Басқармасының шешімімен "Самұрық-Энерго" АҚ директорлар кеңесінің мүшелері Нұрлан Құсайынұлы Рахметовтың және Анатолий Тихонович Спицынның өкілеттігі тоқтатылды.

Анықтама

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы - дара акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын қор. Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған және ол коммерциялық құрылым - инвестициялық холдинг саналады. Оның миссиясы - Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын көтеру және ұлттық экономиканы жаңғыртуға қолдау көрсету. "Самұрық-Қазына" өз миссиясын қоржындық компаниялардың ұзақмерзімдік құны мен тұрақты дамуын арттыру үшін оларды тиімді басқару арқылы, сондай-ақ ұлттық экономиканың басым секторларының дамуына каталитикалық инвестиция салу арқылы жүзеге асырады. Қор активі шамамен $67 млрдты құрайды. "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобына мұнай-газ және көлік-логистика секторларының, химия және атом өнеркәсіптерінің, тау-кен кешендерінің, энергетика, машина құрастыру және жылжымайтын мүлік салаларының кәсіпорындары кіреді.

"Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамы - Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС, "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ, "Богатырь Көмір" ЖШС, "Алматы электр станциялары" АҚ, "О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы" АҚ, "Шардара СЭС" АҚ және т.б. кіреді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны