08.09.2011, 11:55 4242

S&P ҚМГ БӨ-нің "GAMMA-6" деңгейіндегі рейтингін растады

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Standard & Poor's (S&P) халықаралық рейтинг агенттігі "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ-на (ҚМГ БӨ) "GAMMA-6" деңгейіндегі GAMMA корпоративтік басқару рейтингін растап, оны кері қайтарып алды, деп хабарлады агенттік.

Алматы. 8-қыркүйек. Kazakhstan Today - S&P ҚМГ БӨ-нің "GAMMA-6" деңгейіндегі рейтингін растады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Standard & Poor's (S&P) халықаралық рейтинг агенттігі "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ-на (ҚМГ БӨ) "GAMMA-6" деңгейіндегі GAMMA корпоративтік басқару рейтингін растап, оны кері қайтарып алды, деп хабарлады агенттік.

Хабарламаға сәйкес, S&P стратегиялық процестердің тиімділігі тұрғысынан және акционерлерге ықпал ету жағынан алып қарағанда 2010 жылдың соңында ҚМГ БӨ-нің ұзақмерзімді стратегиясының жаңа редакциясының бекітілгенін оң бағалайды. Сарапшылар корпоративтік басқару жүйесінде тәуекелдерді басқарудың рөлі артып келе жатқанын атап өтеді және мұна жағымды фактор деп есептейді.

S&P агенттігінің есебінде ҚМГ БӨ корпоративтік басқару рейтингінің негізгі ұтымды тұстары ретінде ҚМГ БӨ Директорлар кеңесіндегі тәуелсіз директорлардың негізгі акционердің ықпалын тепе-теңдікте ұстап тұру, сондай-ақ менеджменттің қызметіне жіті қадағалау жасау тәжірибесінің бар екендігі аталған. 2010 жылы бұл қиындықты бастан өткеріп жатқан қазақстандық банктерде депозит орналастыруда тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік берген жаңа қазынашылық саясатты келісуде маңызды рөл атқарды. Бас компаниямен өзара міндеттемелер ашық әрі заңды түрде бекітілген.

S&P ҚМГ БӨ-нің ашықтық деңгейін жоғары бағалайды, компанияда инвесторлармен байланыс жөніндегі жұмыстары белсенді атқарылып жатыр. ХҚЕС бойынша қаржылық есеп тоқсан сайын дер уақытында жарияланады. S&P сарапшылары ҚМГ БӨ акционерлеріне заңнамаға сәйкес кең көлемде құқықтар берілгенін, сондай-ақ ҚМГ БӨ-нің қарапайым акцияларды да, артықшылықты акцияларды да бірдей қаржылық қолдау көрсетуге талпынып отырғанын атап өтті.

S&P сарапшыларының пікірінше, Компанияның бизнес жүргізуіне және басқару жасауына мемлекет ықпалының деңгейі ҚМГ БӨ-нің GAMMA рейтингін шектейтін негізгі факторлардың бірі болып табылады.

Сонымен қатар, ҚМГ БӨ-нің корпоративтік басқару рейтингі растала отырып, агенттіктің GAMMA әдістемелігімен корпоративтік басқаруды бағалау жөніндегі қызметтерді көрсетуден бас тартуына байланысты S&P бастамасымен рейтинг кері қайтарылды. Алайда, S&P несиелік зерттеу аясында корпоративтік басқаруға бағалай жүргізу ниетін хабарлайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны