04.02.2016, 17:20 3950

"Samsung" компаниясы Астана ЭКСПО-2017 серіктесі атанды

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ "Samsung" компаниясымен ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Меморандум негізінде Samsung Electronics Central Eurasia компаниясына "Көрменіӊ Ресми серіктесі" мәртебесі берілді

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ "Samsung" компаниясымен ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Меморандум негізінде Samsung Electronics Central Eurasia компаниясына "Көрменіӊ Ресми серіктесі" мәртебесі берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Samsung" әлемге әйгілі трансұлттық компания. Ол өзініӊ мықты технологиялары, инновацияларымен белгілі. Сондықтан біз үшін "Samsung" жұмыс істеу мәртебе. Көрмеде барлығы жоғары деӊгейде жұмыс істеуі қажет. Бұл ретте, "Samsung" технологиясы уақытпен тексерілген сапалы. Біз көрме барысында әлемдегі еӊ үздік дүниелердіӊ барлығын көрсете алуымыз қажет. Серіктестеріміздіӊ қатары көбейгеніне қуаныштымыз", - деді өз сөзінде Ахметжан Есімов.

"Илбетте, ЭКСПО-2017 Қазақстан Республикасы үшін маӊызды шаралардыӊ бірі. Қазақстан жас, қарқынды дамып келе жаьқан мемлекет. Ирі өз өӊірініӊ сөзсіз лидері. "Samsung" компанысы өз саласыныӊ лидері ретінде осындай ауқымды шараға атсалысатындығына қуанышты. Бірлескен ынта-жігердіӊ арқасында көрменіӊ абыроймен өткізілетіндігіне сенімдімін", - деді Samsung Electronics Central Eurasia компаниясыныӊ Бас директоры Юн Чол Вунг.

Бұдан әрі Samsung Electronics Central Eurasia және Астана ЭКСПО-2017 компаниялары халықаралық мамандандырылған көрмені ілгерілету барысында бірқатар іс-шаралар өткізуге ниетті.

Сонымен қатар, Samsung Electronics Central Eurasia демеушілік көмек ретінде жеӊілдікпен тауар және қызметтер көрсететін болады, көрменіӊ алдын-ала келісілген кейбір ғимараттарын жабдықтаумен айналысады.

Айта кету керек, көрмені өткізуге 10-нан аса ірі компания тартылып отыр. Олардыӊ қатарында: NCOC, Shell, Эйр Астана, CISCO, Saint-Gobain, "Қазкоммерцбанк" АҚ, "Самрұқ Энерго" АҚ, "Қазпочта" АҚ және т.б. бар. Осы бағытта жұмыстар жалғасуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны