07.09.2007, 13:52 2954

"Самұрық" AES компаниясымен арадағы дауда мемлекет мүддесінің сақталуына қол жеткізбекші - холдинг басшысы

Қазақстан үкіметі АҚШ-тың AES компаниясымен арадағы дауда мемлекет мүддесінің сақталуына қол жеткізбекші.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 7 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстан үкіметі АҚШ-тың AES компаниясымен арадағы дауда мемлекет мүддесінің сақталуына қол жеткізбекші.

Бұл туралы "Самұрық"Холдингі" АҚ басқармаларының төрағасы Қанат Бозымбаев бүгін өткен үкіметтің отырысында мәлімдеді.

"Холдинг AES компаниясымен арадағы келісім-шартын бұзбаса да, тым құрыса келісім-шартына өзгерістер енгізу арқылы кәсіпорынның іс-қызметінде мемлекет мүддесінің сақталуына мүмкіндік тудыруға сөзсіз талпынады. Ол үшін бізге үкіметтің қолдауы қажет",- деп мәлімдеді Қ.Бозымбаев.

Ол "ағымдағы жылы "Самұрық" мемлекеттік холдингі активтері ұзақ мерзімді концессияға және сенімді басқаруға берілген "Екібастұз энергетикалық орталығы" АҚ, Өскемен, Шүлбі және Бұқтырма СЭС секілді төрт энергетикалық компанияның іс-қызметінде мемлекеттің мүддесін қамтамасыз ету жұмыстары қолға алынғанын" атап өтті.

Қ. Бозымбаевтың хабарлауынша, "қазір AES компаниясымен концессияға сәйкес концессиялық келісім-шарттың шеңберінде республиканың мүддесін қорғау үшін заңдық кеңесшіні тарту жұмыстары жүргізілуде". "Бұқтырма СЭС активтерінің концессиялық келісім-шартына сәйкес жалға алу мерзімін 10-нан 25 жылға дейін созу туралы қосымша келісімді заңсыз деп тану жөнінде сот мәжілістері өткізілуде", - деді ол.

""AES компаниясының "Екібастұз 2-ші МТЭС" станциясы АҚ акцияларының 50 проценттік қоржынын сенімді басқаруға алуы жөніндегі келісім-шартына сәйкес, ағымдағы жылдың 14 тамызында арнаулы үкіметаралық сот бұл келісімді күшсіз деп тану жөнінде шешім шығарған. Белгіленген тәртіп бойынша AES компаниясы жоғары сатылы соттарда бұл шешімге қарсы шағымдануда", - деді ол. "Бұл нысандар аса тартымды нысандарға жатады және сол себепті келіссөздер ұзаққа созылмақшы, мүмкін тіпті мәселе арбитраждық сотқа да жетуі ықтимал", - деді холдинг басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны