07.09.2007, 12:43 2731

"Самұрық" холдингінің басшысы үкіметке электр қуатының экспортын шектеу мүмкіндігін қарауды ұсынады

"Самұрық" холдингінің басшысы үкіметке электр қуатының экспортын шектеу мүмкіндігін қарауды ұсынады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 7 қыркүйек. АСТАНА. "Самұрық"Холдингі" АҚ басқармаларының төрағасы Қанат Бозымбаев үкіметке электр қуатының экспортын шектеу мүмкіндігін қарауды ұсынады.

"Біз осы мәселе бойынша үкімет міндеттеме жүктеп алғаннан өзге жағдайларда электр қуатының экспортын шектеу мүмкіндігін алдағы қысқа таман қарауды орынды деп санар едік", - деді Қ. Бозымбаев бүгін өткен үкіметтің отырысында.

"Демек, егер еліміздің ішкі нарығында электр қуаты жетіспеген жағдайда немесе бағасы қымбат болса және қор жоқ болған жағдайда электр қуатын ешкім де экспортқа шығармауы керек және бұл қор ел ішінде көлеміне қарай бәсекеге түсе алар еді", - деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны