08.06.2009, 12:58 1592

"Самұрық - Қазына" 15 шілдеге дейін "Альянс Банк" үлесін сатып алу жөнінде шешім қабылдайды - Келімбетов

"Самұрық - Қазына" 15 шілдеге дейін "Альянс Банк" үлесін сатып алу жөнінде шешім қабылдайды - Келімбетов

Астана. 8 маусым. "Қазақстан Бүгін" -"Самұрық - Қазына" 15 шілдеге дейін "Альянс Банк" үлесін сатып алу жөнінде шешім қабылдайды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Қайрат Келімбетов бүгін дағдарысқа қарсы шаралардың жүзеге асырылуы бойынша өткен кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Альянс Банк" акционерлеріне 100 теңгеге 76 акцияны сатып алу жөнінде ұсыныс жасалды. Қазір біз тиісті жұмыстарды жүргізіп жатырмыз, біз қойған шарт ең алдымен сыртқы қарыз қайта құрылымдалуы қажет дегенге сайды, содан кейін ғана мемлекет "Самұрық - Қазына" атынан акционер бола алады, бұл жұмысты біз 15 шілдеге дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді Қ. Келімбетов.

"Альянс Банк" қазір 60 халықаралық кредиторды жинады, бүгінді таңда олармен бірлесе тиісті жұмыстар жүргізілуде", - деді қор басшысы.

Сонымен бірге, оның айтуынша, қазір "БТА Банктің" сыртқы қарызын қайта құрылымдау мәселелері бойынша жұмыстар жүргізілуде, оны 1 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда.

"Ең маңызды әрекет ретінде ең бірінші "БТА-ның" 70% қарапайым акциясын 212 млрд теңгеге сатып алуды атауға болады. Қазір біз сыртқы қарызды қайта құрылымдауға жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Бұл жұмыстар 1 тамызға дейін аяқталады деп жоспарлануда. Біз халықаралық кеңесшілермен бірлесе отырып, сыртқы қарызды қайта құрыоымдау және қайта капиталдандыру жоспарын дәйектеп жатырмыз", - деді Қ. Келімбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны