02.06.2009, 13:18 1708

"Самұрық - Қазына" кадрлық саясатты арттыру мен жемқорлықпен күресті жандандыру шараларын қолға алды

"Самұрық - Қазына" кадрлық саясатты арттыру мен жемқорлықпен күресті жандандыру шараларын қолға алды

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - "Самұрық - Қазына" кадрлық саясатты арттыру мен жемқорлықпен күресті жандандыру шараларын қолға алды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2009 жылдың 1-маусым күні өткен "Самұрық - Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма жиынында қор құрамына енетін компанияларда орын алған олқылықтар қарастырылды. Ол олқылықтарды Қазақстан Республикасы құқық қорғау және бақылау органдары ашқан.

Сонымен, Бас прокуратураның ашқан "Қазатомпром" ҰК" АҚ бұрынғы басшылығына байланысты заң бұзушылықтарға сәйкес, қордың басқармасы заң бұзушылықтарды тексеру және мемлекет мүддесіне сай тиісті шаралар қолдану үшін еншілес компанияларда бұған дейін де орын алған олқылықтарды : активтерді өзге тарапқа беру, оның ішінде бірлескен кәсіпорындар құру арқылы өзге компаниялардағы жарғылық капиталына активтер құю, тағы да басқа жайттарды тексеру үшін шешім қабылдады.

Қор шешімімен, "Самұрық-Қазына" АҚ арнайы комиссия құрылып, ол "Қазпошта" АҚ 2008 жылға қаржылық есебін берген кезінде Есеп комитеті тарапынан қойылған қаржылық заң бұзушылықты тағы да қосымша тексерумен айналысады. Ол кезде, 2008 жылы "Қазпошта" АҚ республикадағы пошталық-жинақтау жүйесін құру және инфрақұрылымын дамыту үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын тексерген кезде олқылықтар табылған-ды, енді комиссия сол олқылықтарды жою үшін шаралар қолданбақ.

"Самұрық-Қазына" АҚ басқармасы бүкіл еншілес ұйымдарына және өзіне тәуелді ұйымдарға компания шаруасында корпоративті құжаттар, оның ішінде сатып алу шаралары кезінде және өзге де қаржы көздерін жұмсау кезінде, сонымен қатар, компанияның активтерін өзге тарапқа беру кезінде кезінде Қазақстан Республикасы заңдылылықтарының талаптарын сақтауға тапсырма берді.

Еншілес компаниялардың басшылығына, сонымен қатар, ашықтық, заң талаптарын сақтау, қаржының жұмсалуы кезінде барынша тиімді жағын қарастыру, өкілетті мемлекеттік ұйымдармен қосылып шешім қабылдарда немесе директорлар кеңесімен, компанияларды басқаратын комитеттер мен комиссиялардың келісімімінен кейін қабылданған корпоративті шешімдердің бүкіл процедуралық талаптарын сақтауға тапсырма берілді.

Сонымен қатар, компанияларға осы жоғарыда аталған мәселелер бойынша олқылықтар болмауы үшін арнайы өкілетті органдарына ішкі құжаттарды қабылдауға тапсырма берілді.

Қор құрамындағы компаниялардағы жемқорлық заң бұзушылықтарға қарсы шараларды күшейту үшін ҰИҚ басқармасы сатып алу кезіндегі шаралардың талабын сақтау үшін арнайы ішкі аудит қызметімен бірге жоспарлы тексеру жүргізу жөнінде шешім қабылдады. Жоспарлы тексеру Қор құрамындағы ең ірі компаниялар: "Қазақстан Темір Жолы" және "ҚазМұнайГаз" ұлттық компанияларында басталады.

Қазақстан Республикасы президентінің "Қазақстан Республикасындағы қылмыспен және жемқорлықпен күрес бойынша қосымша іс-шараларды күшейту және құқық қорғау саласын онан әрі жетілдіру бойынша" бұйрығына байланысты, қызметі сатып алу шараларымен байланысты адамдардың жауапкершілігі артады. Қор құрамына енетін компанияларда сатып алу шараларын өткізер кезде Бірегей талаптар бойынша заң бұзушылыққа орын берген адамдар тіпті қылмыстық жауапкершілікке де тартылады.

Сатып алу шаралары бойынша жауап беретін адамдар қызметіне тек ғана қор басқармасы кадр саясаты жөніндегі комитеттің келісімін алғанынан кейін ғана тағайындалады және сол комитет алдында жиі-жиі есеп беріп тұрады.

Қалыптасып отырған осындай жағымсыз ағымдарға тез арада жауап қату үшін қор сатып алу шараларын өткізу жөніндегі ережені жаңаша етіп түзді. Ол жақында директорлар кеңесінің қарауына жіберіледі. Бұл жаңадан түзілген ережелер қаржыны қарпып қалу мүмкіндігін барынша азайтады.

Мұнан өзге, сатып алу шаралары кезінде барынша ашықтықты қамтамасыз ету үшін және жабдықтаушыларды таңдау кезінде объективті болу үшін шілде-тамыз айларында электронды сатып алу жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Жалпы, сатып алу шараларын автоматизация жасаған кезде жабдықтаушылар ұсынысын бағалау кезінде және әр қатысушыны есепке алған кезде, жеңімпазды анықтар кезде адами фактордың араласпауына барынша мүмкіндік береді.

Осы мәселелерге байланысты, қор басқармасы кадрлық жұмыстың тиімділігін арттыру жөнінде шешім қабылдады. Сол үшін де кадрлық саясат жөніндегі комитет құрылды. Ол комитетті қордың басқарма төрағасы басқарады. Оның құрамына қор басқарма төрағасының орынбасарлары және қордағы мәнсапты қызметкерлер енген.

Мемлекеттік компаниялардағы менеджменттің жауапкершілігін арттыру үшін "Қор құрамына енетін компаниялардағы негізгі қызметке тағайындау және келісім беру ережесіне" сәйкес еншілес компаниялардағы жауапты қызметкерлер тағайындалады.

Бекітілген бұл ережелер қызмет орындарына кәсіби мамандардың тартылуын қамтамасыз ету, компаниялардағы басшы қызметкерлердің жаңаруы үшін және де тағайындалған басқарушы қызметкерлердің "Самұрық-Қазына" ҰИҚ арнайы органдарына есеп беріп отыруы үшін біраз іс-шараны жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Басқарма сонымен қатар, еншілес компаниялардағы директорлар кеңесіндегі өкілдеріне: тиісті ережелерді жүзеге асырар кезде ол ұйымдардағы арнайы органдардың алғашқы басшыларының осы мәселелерді жеке қадағалауына алу жөніндегі мәселелерді директорлар кеңесі қарауына беру туралы; осындай шешімді акциясының 560 пайыздан көп бөлігі қор құрамына енетін компаниялардың қабылдау үшін тапсырмалар берілді;

"Самұрық-Қазына" ҰИҚ басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов қор алдында мемлекет басшысы ел экономикасындағы дағдарысты еңсеру жолында маңызды шараларды тапсырма етіп қойғанын және Қазақстанның экономикалық өсімінің дағдарыстан кейінгі кезеңін қамтамасыз етуді тапсырғанын айтты.

"Ол үшін дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету, қаржыны тиімді және ашық түрде жұмсау, қордағы адами капиталдың дамуын қамтамасыз ету керек. Сол үшін де "Самұрық-Қазына" кадр саясатындағы негізгі принциптердің ең маңыздылары заң талаптарын сақтау мен корпоративті шешімдердің жүзеге асырылуын қатаң түрде қамтамасыз ету", деді Қ.Келімбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны