14.05.2008, 18:06 2701

"Самұрық" мемлекеттік холдингі Алматының энергетикалық секторының модернизациялануына қолдау көрсететін болады

"Самұрық" мемлекеттік холдингі Алматының энергетикалық секторының модернизациялануына қолдау көрсететін болады

Алматы. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Самұрық" мемлекеттік холдингі Алматының энергетикалық секторының модернизациялануына қолдау көрсететін болады. Бұл туралы "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару холдингі" АҚ басқарма төрағасы Қанат Бозымбаев Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің қалалық 1 және 2 жылу энергетикалық орталықтарына барған кезінде журналистерге мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз Алматы энергокешенінің негізгі нысандары бірінші және екінші жылу энергетикалық орталықтарын аралап көрдік. Күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан құралдар мен нысандарды көрдік. Энергокешеннің осал тұстарын анықтадық. Біз қаламен бірлесіп өткізуге тиісті бірқатар бірлескен шараларды белгіледік. Мұның барлығы келесі жылу маусымына дайындалу үшін, Алматы қаласында бұрнағы жылдары болып келген проблемалар туындамауы үшін жасалып жатыр", - деді Қ. Бозымбаев.

"АПК" АҚ "Самұрық" компаниясының құрамына кіргелі де бірнеше жылдың жүзі болды. біз Алматының энергетикалық секторының жаңалануына қолдау көрсетіп отыратын боламыз. Қазір 2-ЖЭО жөндеу ісінде үлкен жұмыстар қарқын ала бастады", - деп атап көрсетті ол.

Оның айтуынша, 2-ЖЭО құралдарының басым бөлігі қайта жөнделеді. Сонымен қатар, Алматы жылу энергетикалық орталықтарының басшылықтарына 2025 жылға дейінгі станциялардың даму жоспарын түзету тапсырылды. Ол қаланың даму жоспары түзететінін ескере отырып жасалуы керек.

Қ. Бозымбаев қазіргі уақытта Алматының желілік шаруашылығы қиын-қыстау күндерді басынан өткеріп жатқанын атап көрсетті. Көптеген құралдардың тозған, кейбір қосалқы станциялардың күшінен арту деңгейі 50 пайызға дейін жетеді.

Оның айтуынша, әртүрлі қаржыландыру көздері есебінен бірнеше қосалқы станция биыл, бірнешеуі келесі жылы пайдалануға беріледі.

"Бұл энергетикалық жүйеге қосылып жатқан жеке және заңды тұлғалардың желілердің дамуына үлестік қатысуы үшін төлеген ақшасы болып табылады. Бұл қаражаттардың қайда кетіп жатқаны белгісіз деген күдіктер мен долбарларды жоққа шығаруға тиіспін. Біз қатаң бақылау мен есептеуді жолға қойдық. Бұл қаражаттар жеке есепте Алматының энергетикалық кешенінің дамуына пайдаланылмақ", - деді Қ. Бозымбаев.

"Бізге энергожүйені жалпы алғанда шеңберлестіруге, оны барынша тұрақты, сондай-ақ, қаланың электр желілерінің өткізу қабілетін 400 мегаваттқа дейін жеткізуге мүмкіндік беретін қалалық 220 киловольттық шеңберді қаржыландыру мәселесі бойынша үкіметпен жұмыс істейтінімізді қала әкімімен келістік", - деп хабарлады холдингтің басқарма төрағасы.

Ол сондай-ақ, бұл алдағы жылдары айтарлықтай қаржылық ресурстарды қажет ететінін атап өтті. "Біз болжап отырған қаржы көздері, біріншіден, кәсіпорынның өзіндік ресурстары, яғни, тариф саясатын жетілдіру. Екіншіден, қарыздық қаражат. Қазір бұл компаниялар Қазақстанның даму банкімен жұмыс жасауда. Және үшіншіден, қор нарығына шығу".

Қ. Бозымбаевтың айтуынша, алдағы бірнеше жылда "Самұрық" компаниялар тобы өзінің құнды қағаздарымен қор нарығына шығады. Қаржыландырудың тағы бір көзі, алдын-ала компанияның құрылымын өзгерткеннен кейін пайда болуы мүмкін қаражат болуы ықтимал.

"Самұрық" компаниялар тобының барлық профильді емес активтері алдағы 2-3 жылда толығымен сатылады. Табылған ақшаның барлығы жинақталып, 1,2 ЖЭО секілді салалық бизнеске инвестиция ретінде құйылады. Бұл олардың тиімділігін арттыру үшін қажет. Және ең соңғы қаражат көзі - бұл бюджеттік қаражат болып табылады", - деп түсіндірді Қ. Бозымбаев.

Соңында ол "Самұрық" холдингі мен Алматы әкімдігі арасында Алматының энергетикалық кешенінің даму қарқыны мен жоспары бойынша түсіністік орнағанын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны