15.12.2006, 16:10 2883

"Самұрық" мемлекеттік холдингі Оңтүстік Қазақстан облысында медициналық құрылғыларды стерильдеу орталығын салу үшін қаржы жинауды ұйымдастыруда

ШЫМКЕНТ. 15-желтоқсан. Kazakhstan Today. "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг Оңтүстік Қазақстан облысында медициналық құрылғыларды стерильдеу орталығын салу үшін қаржы жинауды ұйымдастыруда.

Осы жөніндегі меморандумға кеше Астанада Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев пен мемлекеттік холдинг жетекшісі Сауат Мыңбаев қол қойды деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісіне ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен. Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, келісім ел басшысының тапсырмасымен бекітілген.

Меморандумға сәйкес, "Самұрық" холдингінің жетекшісі стерильдеу орталығының құрылысына 675 млн. теңге бөлінуіне көмек көрсетеді. "Біз облыс бюджетінен біраз ақша бөлдік, дегенмен ол жеткіліксіз. Сондықтан да "Самұрық" өз құрамына кіретін кәсіпорындар арасынан қаржы жинауға көмектеседі", - деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Кеңес Исмаилов.

Ол келесі жылы облыста медициналық мекемелердің көптеп салынатынын атап өтті. "Біз облыстық балалар емханасының құрылысын аяқтап, жаңа қан орталығын тұрғызуымыз қажет. Бұл нысандар республикалық бюджеттен қаржыландырылатын болады. Ал стерильдеу орталығын қаржыландыруды облыс пен "Самұрық" бөлісе көтереді, - деді К. Исламов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны