29.02.2012, 16:45 4417

"Самұрық-Энерго" ағымдағы жылы инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға 80 млрд теңге жұмсамақ

"Самұрық-Энерго" АҚ 2012 жылы инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру үшін шамамен 80 млрд теңге жұмсайды. Бұл туралы компанияның жетекшісі Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді.

Астана. 29-ақпан. Kazakhstan Today - "Самұрық-Энерго" ағымдағы жылы инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға 80 млрд теңге жұмсамақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Самұрық-Энерго" АҚ 2012 жылы инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру үшін шамамен 80 млрд теңге жұмсайды. Бұл туралы компанияның жетекшісі Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді.

"Негізгі қаржы компаниялардың өзіндік қаржысы ("Самұрық-Энерго" тобына енетін - "ИФ-Қ") және қаржылық институттардан алынатын қарыз ақша", деді А.Сатқалиев.

Оның айтуынша, қарыз ақша сыртқы және ішкі рыноктардан алынбақ, бірақ ол сомаларын нақтыламады.

"Самұрық-Энерго" 2007 жылы мамыр айында құрылған және "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорының құрылымына енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны