Система Orphus

"Самұрық-Энерго" АҚ Электр энергиясын коммерциялық есептеудіӊ автоматтандырылған жүйесін (ЭКЕАЖ) жаӊғырту жөніндегі жобаны іске қосуды жоспарлап отыр

24.01.2019, 19:51 8059

Астана. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Самұрық-Энерго" АҚ Электр энергиясын коммерциялық есептеудіӊ автоматтандырылған жүйесін (ЭКЕАЖ) жаӊғырту жөніндегі жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Жүйе пилоттық режимде Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 енгізіледі, содан кейін оны қазақстандық электр энергетикалық холдингініӊ басқа компанияларында: "Алматы Электр Станциялары" АҚ, "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ, "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС, "Шардара ГЭС" АҚ, "Мойнақ ГЭС" АҚ, "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ, "Бірінші жел электр станциясы" ЖШС, "Samruk-Green Energy" ЖШС-да қолдану көзделген.

Электр энергиясын коммерциялық есептеудіӊ автоматтандырылған жүйесі - бұл өндірілген, берілген, бөліп-таратылған және тұтынылған электр энергиясы мен қуатыныӊ саны туралы шынайы ақпарат алуды қамтамасыз ететін технологиялық шешім.

ЭКЕАЖ есепті автоматтандыруға, оныӊ неғұрлым дәлдігіне қол жеткізуге, энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу мен түзетуге қажетті талдамалық ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, ЭКЕАЖ "Самұрық-Энергоныӊ" бірқатар компанияларында ұзақ уақыттан бері пайдаланылып келеді. Мәселен, "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ-да ол 2013 жылдан бері жұмыс істеуде.

Жүйені түбегейлі жаӊғырту оныӊ технологиялық сенімділігін сапа тұрғысынан жаӊа деӊгейге көтереді және функционалдық мүмкіндіктерін кеӊейтеді. Одан тыс, "Самұрық-Энерго" АҚ-ныӊ "Цифрландыру Офисі" мамандарыныӊ сөзінше, Электр энергиясын коммерциялық есептеудіӊ автоматтандырылған жүйесін жаӊғырту жеткізіп берушілер мен тұтынушылар арасындағы өзара есеп айырысудыӊ дәлдігі мен ашықтығын арттырып, энергияныӊ үнемделуіне септігін тигізетін болады, ал оныӊ бас компанияныӊ платформасында орталықтандырылуы мәселелердіӊ кеӊ ауқымын жедел шешуге - электр энергиясын өндіруді онлайн-мониторингілеу және бақылаудан бастап,кәсіпорынныӊ техникалық-экономикалық көрсеткіштерін анықтауға дейін мүмкіндік береді.

"Самұрық-Энерго" АҚ - Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларыныӊ 100%-ы "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Жұмысыныӊ негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтіӊ құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соныӊ ішінде: "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС, "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ, "Богатырь Көмір" ЖШС, "Алматы электр станциялары" АҚ, "О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы" АҚ, "Шардара СЭС" АҚ және т.б. кіреді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны