17.11.2015, 17:07 4723

"Самұрық-Энерго" АҚ инвестицияларға шығынды қысқартты

Экономикалық жағдай бойынша болжамдарға сүйенер болсақ, үстіміздегі жылы "Самұрық-Энерго" АҚ инвестицияларға шығынды 28 млрд теӊгеден астам сомаға қысқартты, деп мәлімдеді бүгін холдинг басқармасыныӊ төрағасы Алмасадам Сәтқалиев

Астана. 17 қараша. Kazakhstan Today - Экономикалық жағдай бойынша болжамдарға сүйенер болсақ, үстіміздегі жылы "Самұрық-Энерго" АҚ инвестицияларға шығынды 28 млрд теӊгеден астам сомаға қысқартты, деп мәлімдеді бүгін холдинг басқармасыныӊ төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасына сәйкес, 2015 жылғы экономикалық жағдайы бойынша болжалдарды ескере отырып, "Самұрық-Энерго" АҚ инвестицияларға арналған шығындарды жалпы сомасы 28 млрд теӊгеден жоғары сомаға немесе 23%-ға және ағымдағы шығындарды 9,4 млрд теӊгеге немесе 5%-ға қысқартты", - деді А.Сәтқалиев ОКҚ брифингінде, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Оныӊ мәліметінше, "Самұрық-Энерго" АҚ компаниялар тобы бойынша бюджеттердіӊ операциялық және инвестициялық бөлігі бойынша шығындар 2016 жыл үшін де оӊтайландырылды және 2,9 млрд теӊге мөлшерінде жасалды, оныӊ ішінде жалпы және әкімшілік шығындар персонлаға еӊбекақы шығындарын, өзге де материалдық төлемдерді қысқарту, демеушілік, қайырымдылық көмекті, консультациялық, көлік шығындарын қысқарту есебінен 860 млн теӊге мөлшерінде. Инвестициялық шығындар 27 млрд теӊгеге қысқартылды.

"2015 жылы жалпы табыстар 196,8 млрд теӊге мөлшерінде күтіледі, бұл жекешелендірудіӊ кешенді жоспары бойынша ҚР Үкіметініӊ қаулысына сәйкес, іске асыру кезінде активтерді шоғырландырудан шығарумен байланысты 2014 жылғы табыстардан 22%-ға төмен", - деді А.Сәтқалиев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны