21.12.2017, 22:02 4467

"Самұрық-Энерго" АҚ купондық облигациялардыӊ қалдығын толық өтеді

"Самұрық-Энерго" АҚ 2012 жылғы 20 желтоқсандағы 500 000 000 АҚШ доллары сомасына бекітілген купондық кіріс жылдық 3,75% және өтеу мерзімі 5 жылды құрайтын халықаралық купондық облигацияларды толық және уақытылы өтелгені туралы хабарлайды

Алматы. 21 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Самұрық-Энерго" АҚ ("Компания") 2012 жылғы 20 желтоқсандағы 500 000 000 АҚШ доллары сомасына бекітілген купондық кіріс жылдық 3,75% және өтеу мерзімі 5 жылды құрайтын халықаралық купондық облигацияларды толық және уақытылы өтелгені туралы хабарлайды (ISIN XS0868359166).

Өзініӊ қаржылық міндеттемелерін оӊтайландыру мақсатында 2017 жылдыӊ 20 қыркүйегінде Компания осы халықаралық купондық облигациялардыӊ 80 000 000 АҚШ доллары сомалы бөлігін мерзімінен бұрын өтеген болатын.

2017 жылғы 20 желтоқсанда Компания аталған облигациялардыӊ 420 000 000 АҚШ доллары сомасындағы өтелмеген қалдығын толық өтеуді жүзеге асырды. Еурооблигацияларды өтеу несие портфелін әртараптандыруға және оӊтайландыруға, валюталық және несие тәуекелдерін айтарлықтай төмендетуге, сондай-ақ Компанияныӊ қаржылық тұрақтылығыныӊ көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік берді, делінген компанияныӊ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны