21.12.2012, 13:39 3294

"Самұрық-Энерго" АҚ Шелек дәлізінде жел электр стансасын салуды жоспарлап отыр

"Алғашқы кезеңде бұл стансаның қуаты 60 мегаВатт болса, кейіннен 300 мегаватқа дейін жетпек. Станса табиғи ресурстардың мүмкіндігін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Өйткені, экологиялық, экономикалық, энергетикалық проблемаларды шешу үшін қайта қалпына келетін қуат көздерін барынша дамытуымыз керек",- деді А.Сатқалиев.

Алматы. 21-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Самұрық-Энерго" АҚ Шелек дәлізінде жел электр стансасын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев мәлім етті.

"Алғашқы кезеңде бұл стансаның қуаты 60 мегаВатт болса, кейіннен 300 мегаватқа дейін жетпек. Станса табиғи ресурстардың мүмкіндігін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Өйткені, экологиялық, экономикалық, энергетикалық проблемаларды шешу үшін қайта қалпына келетін қуат көздерін барынша дамытуымыз керек",- деді А.Сатқалиев.

Бүгінде "Самұрық-Энерго" АҚ-ның Алматы қаласында жүзеге асырып отырған энергетикалық жобаларына 2009 жылдан бері республикалық бюджеттен 53,1 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінген. Басқарма төрағасының айтуынша, оның 41,8 млрд теңгесі игерілді.

Биыл қала әкімдігі мен "Самұрық-Энерго" АҚ арасында 117 келісімшарт жасалды. Сонымен қатар, қалалық энергия тасымалдаушы Алатау Жарық компаниясымен құны 215 млн теңгені құрайтын бірнеше келісімшартқа қол қойылды.

Қазіргі таңда "Самұрық-Энерго" АҚ-ның мемлекеттік тапсырыс аясында қазақстандық үлесті камтамасыз ету көлемі 71 %-ды құрап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны