31.10.2016, 16:31 6829

"Самұрық-Энерго" АҚ-ныӊ активтерін сату тәсілі анықталды

2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 ҚР Үкіметініӊ "Жекешелендірудіӊ 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, "Самұрық-Энерго" АҚ тобына кіретін жеті компанияны бәсекелес ортаға сату бойынша жұмыс жүргізілуде.

Астана. 31 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ экономикасын жаӊғырту мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияныӊ 2016 жылғы 17 қазандағы шешімімен "Самұрық-Энерго" АҚ-ныӊ мына активтеріне қатысты сату тәсілі ретінде ашық екі кезеӊді конкурс өткізу бекітілді: "МЭБК" АҚ, "ШҚАРЭК" АҚ ("Шығысэнерготрейд" ЖШС-ны қоса алғанда), "Ақтөбе ЖЭО" АҚ, "ТегисМунай" ЖШС ("Мангышлак Мунай" ЖШС-ны қоса алғанда), деп хабарлайды "Самұрық-Энерго" АҚ-ныӊ баспасөз қызметі.

"Самұрық-Энерго" АҚ басқарушы директоры Қайрат Мақсұтов Мемлекеттік комиссияныӊ шешімі активтерді сату алдындағы кезеӊніӊ аяқталғанын және сатудыӊ басталғанын көрсетеді деп атап өтті. Қажетті корпоративік шешімдер қабылданғаннан кейін аталған активтер сауда-саттыққа шығарылатын болады.

2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 ҚР Үкіметініӊ "Жекешелендірудіӊ 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, "Самұрық-Энерго" АҚ тобына кіретін жеті компанияны бәсекелес ортаға сату бойынша жұмыс жүргізілуде: "МЭБК" АҚ, "ШҚ АЭК" АҚ (("Шығысэнерготрейд" ЖШС-ны қоса алғанда), "Ақтөбе ЖЭО" АҚ, "ТегисМунай" ЖШС ("Мангышлак Мунай" ЖШС-ны қоса алғанда), "АЖК" АҚ, "АлЭС" АҚ және "АЭС" ЖШС.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны