21.11.2018, 12:41 5178

"Самұрық-Энерго" электр энергиясы холдингіне қарасты энергия өндіруші кәсіпорындар 2018-2019 жж. күзгі-қысқы кезеӊде жұмыс істеуге толық дайын

Бұл туралы Астанада өткен баспасөз конференциясында "Самұрық-Энерго" АҚ Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор Серік Түйтебаев мәлімдеді.

Астана. 21 қараша. Kazakhstan Today - "Самұрық-Энерго" электр энергиясы холдингіне қарасты энергия өндіруші кәсіпорындар 2018-2019 жж. күзгі-қысқы кезеӊде жұмыс істеуге толық дайын. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз конференциясында "Самұрық-Энерго" АҚ Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор Серік Түйтебаев мәлімдеді. Компания өкілініӊ сөзінше, "Самұрық-Энерго" АҚ энергия өндіру көздерініӊ барлығы осы уақытта Изірлік паспорттарын алды. Холдингтіӊ электр станциялары электр және жылу жүктемелерініӊ белгіленген кестесі орындалуын қамтамасыз етуде.

"Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС. Кәсіпорындағы 7 энергия блогініӊ 5-і жұмыс істеп тұр, станцияныӊ ағымдағы жүктемесі 2 100 МВт.Қуаттылық резерві шамамен 940 МВт.(көмір қоры норматив бойынша 258,3 мыӊ тоннаныӊ орнына 494 мыӊ тоннаны құрайды).

"Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ. Екі энергия блогі жұмыс істеп тұр, станцияныӊ ағымдағы жүктемесі 722 МВт. Қуаттылық резерві ~220 МВт. Жөндеу компаниясы аяқталды. Отынныӊ нормативтік қоры жасалған.

"Мойнақ СЭС" АҚ. Станция Алматы облысындағы Шарын өзенініӊ сағасында орналасқан. Ол жасалған келісім-шарттарға және бекітілген тәуліктік кестелерге сәйкес тұтынушыларға электр энергиясын жібереді, сондай-ақ Жүйелік оператордыӊ бұйрығы бойынша реттеу режимін 80-нен 300 МВт-қа дейін қамтамасыз етіп отырады. Су агрегатыныӊ екеуі де жұмыс істеп тұр.

"Шардара СЭС" АҚ. Станция Түркістан облысындағы Сырдария өзенініӊ сағасында орналасқан.Кәсіпорынекі су агрегатын пайдаланып, 43 МВт жүктемемен штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Станцияда өзініӊ мерзімінен екі есе көп қызмет еткен жабдықты жаӊарту бойынша ауқымды жоба іске асырылуда.Станцияны толық жаӊғырту жобасы бойынша №1 және №2 су агрегаттары ауыстырылуда.Толық жаӊғыртудан кейін ү.ж. желтоқсанда бірінші су агрегаты іске қосылады деп күтілуде.Жаӊғырту жобасы аяқталғаннан кейін станцияныӊ белгіленген қуаты 100 МВт-тан 126 МВт-қа артады.

"Богатырь Көмір" ЖШС.

Екібастұз қаласында орналасқан көмір өндіруші кәсіпорын 2018-2019 жж. жылу беру маусымына дайындық аясында тапсырыс берушілердіӊ барлық сұранысын орындады. "Богатырь" кенішінен алынған қатты отынныӊ 80 процентке жуығы электр энергиясы мен жылу өндіру үшін республиканыӊ энергия өндіруші кәсіпорындарына жіберілді. Компанияныӊ Қазақстандағы негізгі тұтынушылары қатарында: "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС, "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ, Алматы және Степногорск ЖЭО, "Қарағанды Энергоорталық" ЖШС (ЖЭО-1, ЖЭО-3), "СевКазЭнерго" АҚ, "Астана-Энергия" АҚ (ЖЭО-1, ЖЭО-2), "Көкшетаужылу" МКК, "Павлодарэнерго" АҚ, "Bassel Group LLS" ЖШС (Теміртау қаласы). Тұтас алғанда, "Богатырь Көмір" ЖШС-ныӊ кеніштерінде а.ж. 10 айда өндірілген көмірдіӊ көлемі 36,5 млн.тоннаны құрады. Бұл ретте компанияосы күнге дейін39 млн. тонна көмір жөнелтті, бұл жоспарланған көлемніӊ 109 процентін құрайды. Соныӊ ішінде жылдық жоспардағы 1 млн. тоннаныӊ орнына 1,3 млн. тонна коммуналдық-тұрмыстық көмір жіберілді.

Жылу маусымы 12 қазанда басталған Алматы қаласында жарық пен жылудыӊ үзіліссіз берілуін "Самұрық-Энергоныӊ" Алматы энергия кешенініӊ кәсіпорындары қамтамасыз етеді:

"Алматы электр станциялары" АҚ.Бұл ұйым Алматы қаласы мен Алматы облысында жылу және электр энергиясын өндіреді. Оныӊ құрамында 8 өндірістік бөлімше бар, атап айтқанда ЖЭО-1, ЖЭО- 2, ЖЭО-3, Қапшағай СЭС, Каскад ГЭС, Батыс жылу кешені және т.б.Энергия өндіруші ұйымныӊ ағымдағы жүктемесі 835 МВт-ты құрайды (жоспар 830 МВт). Бүгінде "АлЭС" АҚ энергия көздерініӊ жабдықтарын жылу беру маусымына дайындады. Жөндеу кампаниясы кесте бойынша аяқталды. Станцияларда отынныӊ нормативтік қоры жасалды. Қапшағай СЭС-інде18 қазаннан бастап суды СЭС қақпасынан секундына 145 шаршы метрден 450 шаршы метрге дейін өзгертіп өткізуді реттеу режимі белгіленді,бұл 40-130 МВт жүктемеге сәйкес келеді.

"Алатау Жарық Компаниясы"АҚ Алматы қаласы мен Алматы облысыныӊ тұтынушыларын электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Электр желілерініӊ жалпы ұзындығы - 29 531 км.;35 кВ және одан астам жоғары вольтты шағын станцияларыныӊ саны - 207 дана.

Жоспарланған жөндеу жұмыстары толық көлемінде орындалып, 2018 жылғы 1 қазанда аяқталды. 2018-19 жж. күзгі-қысқы кезеӊді ойдағыдай өткізу және Алматы қаласыныӊ тұтынушыларын жүктеме неғұрлым ұлғаятын кезеӊде электрмен сенімді әрі сапалы қамтамасыз ету мақсатында, бұған дейінгі күзгі-қысқы кезеӊдердіӊ тәжірибесін ескере отырып әзірленген ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралардыӊ тұтас кешені орындалды.

"АлматыЭнергоСбыт" ЖШС. Алматы қаласы мен Алматы облысын электрмен үзіліссіз қамтамасыз ету мақсатында, компания2018 жылы электр энергиясын сатып алу және жеткізіп беру туралы энергия өндіруші және энергия беруші компаниялармен уақтылы шарт жасасты. Қазіргі уақытта электр энергиясын сатып алу және беру туралы 2019 жылға арналған шарттарды жасасу рәсімі басталды.

Анықтама:"Самұрық-Энерго" АҚ - Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларыныӊ 100%-ы "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Жұмысыныӊ негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтіӊ құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соныӊ ішінде: "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС, "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ, "Богатырь Көмір" ЖШС, "Алматы электр станциялары" АҚ, "О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы" АҚ, "Шардара СЭС" АҚ және т.б. кіреді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны