08.04.2014, 20:28 3574

"Самұрық-Энерго" электр энергиясының бағасын көтермейді

"Самұрық-Энерго" электр энергиясына бағаны көтермейді, Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен брифингте "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті.

Алматы. 8 сәуір. Kazakhstan today. "Самұрық-Энерго" электр энергиясына бағаны көтермейді, Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен брифингте "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті.

"Компанияның соңғы тұтынушыларының тұрақты соңғы бағасы 10-нан 14 теңгеге дейін, бұл қазіргі таңдағы тарифтің нысанды бағасы. Біз Үкіметтің төрағалығымен тарифтерді көтермеуді ұйғардық", - деді А. Сәтқалиев.

"Самұрық-Энерго" мемхолдингтің басшысы айтқандай, Екібастұз ГРЭС-1 аяқталған соң энегргияның қуаты мейлінше көбейеді.

"Станцияны жаңғырту бағдарламасын аяқтаған соң, оның қуатын арттыруды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта Екібастұз ГРЭС-1 станциясының қуаты шамамен 3 мың мегаватт, ол 4 мың мегаватқа жеткізіледі. Бұл жалпы алғанда компанияның инвестициялық тартымдылығын арттырады", - деді "Самұрық-Энерго" басшысы.

Айта кетейік, "Самұрық-Энерго" АҚ - іскерлік сегменттермен жұмыс істейтін интеграцияланған топ. Ол көмір өндірісін, электр энергиясының генерациясы мен шығынды өз құрамына қосады. Топ 32 пайыз генерацияны қамтамасыз етеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны