11.01.2019, 14:11 5633

Самұрық-Энерго инвестормен энергосервистік шарт жасасты

Қол қойылған бұл құжат "Самұрық-Энерго" АҚ компаниялар тобындағы алғашқы энергосервистік шарт болып табылады. Оныӊ жалпы сомасы 207,8 млн. теӊгені құрайды. Шарт аясында қазір пайдаланылып жүрген 1,5 мыӊнан астам өндірістік лампаларды жарықдиодты лампаларға ауыстыру жоспарлануда.

Астана. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Богатырь Көмір" ЖШС-ныӊ көмір кеніштерінде жыл сайын 7,7 мыӊ кВт.сағ. немесе шамамен 107 млн. теӊге үнемделеді - "Самұрық-Энерго" мен қазақстандық "PROLUX LED" компаниясыныӊ арасында жасалған энергосервистік шарттан күтілетін экономикалық нәтиже, міне, осындай.

Республиканыӊ аса ірі электр энергетикалық холдингі үшін отандық инвестормен серіктестік орнату "Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамныӊ" 59-қадамын орындау жөніндегі жұмыстыӊ нәтижесі болып табылады. Бұл бағыт мойындалған халықаралық энергосервистік шарттар арқылы энергия үнемдеу саласына стратегиялық инвесторлар тартуды көздейтіні белгілі.

Қол қойылған бұл құжат "Самұрық-Энерго" АҚ компаниялар тобындағы алғашқы энергосервистік шарт болып табылады. Оныӊ жалпы сомасы 207,8 млн. теӊгені құрайды.Жобаныӊ мәні - "Богатырь Көмір" көмір өндіруші кәсіпорныныӊ тау-кен ұӊғымалары мен өндірістік алаӊдарыныӊ жасанды жарық көздерініӊ көмегімен жарықтандырылуын қамтамасыз ету кезінде жұмсалатын энергияныӊ неғұрлым үнемделуіне және тиімділігіне қол жеткізу. Шарт аясында қазір пайдаланылып жүрген 1,5 мыӊнан астам өндірістік лампаларды жарықдиодты лампаларға ауыстыру жоспарлануда.

"Самұрық-Энерго" компаниясыныӊ "Өндірістік тиімділік" департаментініӊ өкілдері атап өткендей, шарттардыӊ басқа нысандарымен салыстырғанда энергосервистік шарттыӊ бірқатар артықшылықтары бар. Бұл, бірінші кезекте, тапсырыс беруші тарапынан қаражат жұмсалмауы және энергия шығыныніс жүзінде үнемдеу есебінен инвестор шығысыныӊ өтелуі.

Пилоттық жоба аясында энергосервистік шарттыӊ тиімділігін анықтау мақсатында, сондай-ақ сілкініске шыдамдылық, шаӊ-тозаӊ мен ылғалдан қорғалу деӊгейін анықтау үшін "Богатырь Көмір" ЖШС-ныӊ объектілерінде 8 жарықдиодты шам орнатылып, цифрлы есептегішке қосылды, ал 1 жарықдиодты шам роторлы экскаваторға орнатылды. Сынақ мерзіміне жасалған талдау электр энергиясын пайдалану 15 есе үнемделгенін көрсетті.

Жұмыс орныныӊ жақсы жарықтандырылуы еӊбек өнімділігі артуыныӊ бірден-бір шарты болып табылады. Дұрыс таӊдалған жасанды жарық көздерін пайдалану жоспарланған тау-кен жұмыстарын жүргізудіӊ технологиялық процесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, еӊбек өнімділігін арттырады, жазатайым оқиғалардыӊ және жабдықтыӊ механикалық тұрғыда сынуыныӊ алдын алуға септігін тигізеді.

"Самұрық-Энерго" АҚ - акцияларыныӊ 100%-ы "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ-ға тиесілі Қазақстандағы еӊ ірі электр энергетикалық холдинг. 2007 жылы құрылды. Қызметтіӊ негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтіӊ құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соныӊ ішінде: "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС, "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ, "Богатырь Көмір" ЖШС, "Алматы электр станциялары" АҚ, "О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы" АҚ, "Шардара СЭС" АҚ және т.б. кіреді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны