05.12.2011, 15:53 3433

"Самұрық-Қазына" 2011 жылы ҒЗТКЖ 8 млрд. теңге бөледі

"Самұрық-Қазына" 2011 жылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға 8 млрд. теңге бөлуде. Келер жылдан бастап біз бұл бұл көрсеткішті еселеуді жоспарлап отырмыз. Соның өзінде бұл көрсеткіш республикалық бюджеттің ғылым саласына қарастырып отырған шығысының ширек бөлігін құрап отыр. Сәйкесінше, холдинг аталмыш саладағы жұмысты әрі қарай жалғастыру үшін жеткілікті әлеуетке ие", - деп мәлім етті Қ.Бишімбаев.

Астана. 5-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" 2011 жылы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға 8 млрд. теңге бөледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астана қаласында өткен инновациялық форумда "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бишімбев мәлім етті.

"Самұрық-Қазына" 2011 жылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға 8 млрд. теңге бөлуде. Келер жылдан бастап біз бұл бұл көрсеткішті еселеуді жоспарлап отырмыз. Соның өзінде бұл көрсеткіш республикалық бюджеттің ғылым саласына қарастырып отырған шығысының ширек бөлігін құрап отыр. Сәйкесінше, холдинг аталмыш саладағы жұмысты әрі қарай жалғастыру үшін жеткілікті әлеуетке ие", - деп мәлім етті Қ.Бишімбаев.

"Біз ұлттық компаниялардан олардың жұмыс процесіне енгізілетін нақты жобаларды, нақты патенттер мен ғылыми жұмыстарды талап етудеміз", - деді "Самұрық-Қазына" басшысының орынбасары.

Ир компанияда ғылыми-техникалық кеңестер құрылған және олар ұлттық компаниялар жүзеге асырып отырған немесе қолданысқа енгізетін барлық технологиялық жаңалықтар талқыланатын алаң болып табылады.

Қ.Бишімбаев сондай-ақ, "Самұрық-Қазына" компаниясының "Назарбаев Университетімен" екі бағыт бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғанын хабарлады.

"Бірінші бағыт - ғылыми бағдарлама. Біз холдинг аясында және жекелеген ұлттық компаниялардың аясында "Назарбаев Университетінің" ғылыми бағдарламаларына демеушілік көрсетуге әзірміз. Екінші бағыт - кадрлар дайындау мәселесі, яғни ұлттық компаниялар мұқтаж техникалық мамандықтар бойынша магистранттар мен докторанттар дайындау мәселесі, біз бірінші кезекте инженерлік кадрлар туралы айтып отырмыз. Бұл бағдарлама әлі жасалу үстінде", - деді Қ.Бишімбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны