27.02.2014, 18:51 5434

"Самұрық-Қазына" АҚ 2014-2015 жылдары 75 бейінді емес активтер мен нысандарды шығаруды жоспарлауда

Қор қызметі екі бағытта өрбитін болады. Біріншіден - барлық деңгейдегі бизнес процестерде операциялық қызметті арттыру арқылы барлық тұрақты компаниялардан түсетін кірісті көбейту. Екішіден - "стартаптар" мен жаңа бағыттарды дамыту арқылы табысты қоржын көлемін үлкейтуге бағыттау.

Алматы. 27 ақпан. Kazakhstan today. 2014-2015 жылдары "Самұрық-Қазына" АҚ 75 бейінді емес активтер мен нысандарды шығаруды жоспарлауда . Бұл туралы кеше "Самұрық-Қазына" АҚ кеңейтілген отырысында Қор төрағасы Өмірзақ Шүкеев хабарлады.

"Қор тарапынан Мемлекет басшысының кәсіби емес активтерді алып шығу туралы тапсырмасын орындау жұмыстары жүргізіледі. Онда кәсіби емес активтер мен нысандар Топ құрамынан алынады. 2014-2015 жылдары 75 актив пен нысанды шығару жоспарланған", - деді Ө.Шүкеев.

Жалпы, оның айтуынша, кәсіби емес активтерді шығару 5,7 млрд теңге көлеміндегі шығыннан арылуға мүмкіндік береді.

Осыған орай компаниялардағы 156 кәсіби емес активтерді мақсатты түрде сақтау шарасы да назардан тыс қалмайды.

"Қорды түрлендіру бойынша жұмыстың маңызды бағыттарының бірі Бағдарламаны күшейту болып табылады. Бұдан былай Қор мемлекет сеніп тапсырған активтерді басқаратын әкімшілік емес, белсенді инвестор ретінде жұмысын күшейтеді", - деді ол.

Қор қызметі екі бағытта өрбитін болады. Біріншіден - барлық деңгейдегі бизнес процестерде операциялық қызметті арттыру арқылы барлық тұрақты компаниялардан түсетін кірісті көбейту. Екішіден - "стартаптар" мен жаңа бағыттарды дамыту арқылы табысты қоржын көлемін үлкейтуге бағыттау.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны