20.01.2015, 20:56 4348

"Самұрық-Қазына" АҚ дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға кірісті

"Самұрық-Қазына" АҚ дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға кірісті. Бұл туралы бүгін, Үкімет отырысында, "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Ө.Шөкеев хабарлады

Астана. 20 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" АҚ дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға кірісті. Бұл туралы бүгін, Үкімет отырысында, "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Ө.Шөкеев хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Илемдік экономикадағы негативті өзгерістерге байланысты компаниялардыӊ бизнес-жоспарлары да қайта қаралатын болады. Соныӊ ішінде, бекітілген жоспардағы шығын көлемі 337 млрд. теӊгеге қысқартылады, өзіндік құн 249 млрд. теӊгеге төмендетіліп, жалпы әкімшілік шығындар 64 млрд. теӊгеге, яғни 16,6 %-ға қысқарады. Бекітілген жоспардағы капиталды шығын 1,3 млрд. АҚШ долларына, тиісінше 18 %-ға қысқартылады", - деді Ө.Шөкеев.

Сондай-ақ, қордыӊ инвестициялық бағдарламасын 18 %-ға қысқарту жоспарланған. Қор компаниялар тобындағы инвестициялық бағдарламалар химиялық, тау-кен, құрылыс, көлік, мұнай-газ салаларында қысқаратын болады. Сонымен қоса, Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы-2, "Нұрлы жол" бағдарламасы, "EXPO-2017" көрмесі нысандары мен өзге де стратегиялық маӊызы бар жобалар жүзеге асырыла бермек.

Ө.Шөкеев атап өткендей, қазіргідей алмағайып экономикалық жағдайда "Самұрық-Қазына" қоры бизнесті трансформациялау ісіне ерекше көӊіл бөлетін болады.

"Өткен жылдыӊ 6 қазанында Мемлекет басшысы іске қосқан Қорды трансформациялау бағдарламасы Қор дамуыныӊ негізі болып табылады. Бағдарлама қор компанияларыныӊ дағдарысты жағдайларға деген иммунитетін күшейтеді. Сондықтан, экономикалық өлшемдердіӊ төмендеп жатса да, біз бұл бағдарламаны тоқтатпаймыз", - дейді Ө.Шөкеев.

Барлық компаниялар үшін алдағы 3 жылға Жол карталары жасалып, бекітілген. Қордағы бизнес-үдерістерге реинжиниринг жасау мен үздік халықаралық талапқа сай стратегиялық холдинг/белсенді инвестор моделіне өту жұмысы да жалғасады.

"2015 жылы біз 10 ірі компанияда операциялық трансформацияны бастаймыз, компаниялар бойынша 8 мыӊ үдерісті зерделеп, қайта қарайтын боламыз. Жаӊа KPI, еӊбекақы төлеудіӊ грейдирлік тәсілі, 10 HR-бастама жүйелері енгізіледі. Қор тобында IT-қызметтіӊ орталығын жасау жоспарлануда, бұл 70 млн. АҚШ долларын үнемдеуге мүмкіндік береді. Компаниялар саны 600-ден 500-ге дейін қысқарады", - деді Ө.Шөкеев.

Қор басшысы Жекешелендіру бағдарламасыныӊ 2015 жылы да жалғасын табатынын атап өтті.

"2014 жылы Жекешелендіру бағдарламасы аясында 64 активті сату жоспарланса, соныӊ 12-сі 4,1 млрд. теӊгеге (бағалық құны 2,5 млрд. теӊге болған) сатылды, 12 компания бойынша сатып алу келісім шарты қол қою кезеӊінде, олардыӊ жалпы сомасы - 20,3 млрд. теӊге. Ірі 10 компания мен тағы 24 актив бойынша жұмыстар жалғасуда. 5 актив бойынша сауда 2016 жылға ауыстырылды. Осы жылы Қор тобы 17 активті сатуды жоспарлап отыр", - деп мәлімдеді "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы.

Жұртшылықпен байланыс департаменті "Самұрық-Қазына" АҚ

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны