20.02.2015, 16:22 4113

"Самұрық-Қазына" АҚ экономикалық ахуал қиындаған жағдайда жекешелендіру аясында активтерді сату мерзімдеріне өзгеріс енгізуі мүмкін

2015 жылғы 20 ақпанда, Алматы қаласында "Самұрық-Қазына" АҚ "Жекешелендірудіӊ екінші толқыны: Бағдарламаныӊ алғашқы нәтижелері мен оныӊ жаӊа экономикалық жағдайлардағы келешегі" атты дөӊгелек үстел өткізді

Астана. 20 ақпан. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 20 ақпанда, Алматы қаласында "Самұрық-Қазына" АҚ "Жекешелендірудіӊ екінші толқыны: Бағдарламаныӊ алғашқы нәтижелері мен оныӊ жаӊа экономикалық жағдайлардағы келешегі" атты дөӊгелек үстел өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шараға Қаржы министрлігі, Қазақстан қор биржасы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан қаржыгерлер ассоциациясыныӊ басшылығы, Парламент депутаттары мен тәуелсіз сарапшылар қатысты.

Дөӊгелек үстелге қатысушылар Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен 2014 жылы басталған Жекешелендіру бағдарламасыныӊ алғашқы нәтижелерін пысықтап, оныӊ бұдан әрі табысты іске асырылуын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

"Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасыныӊ орынбасары Елена Бахмутованыӊ мәліметі бойынша 2014 жылы жоспарланған 64 активтіӊ 59-ы сатуға шығарылған, 5 активті жекешелендіру мерзімі 2016 жылға шегерілген.

Қазіргі уақытта 24 компания 24 млрд. теӊгеге сатылған, бұл бағалау құнынан әлдеқайда жоғары. "Халықтық IPO" бағдарламасы аясында "KEGOC" АҚ қор нарығына шығарылды.

2015 жылы Қор тобыныӊ 17 активін, соныӊ ішінде "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ, "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ, "Алматы электр станцилары" АҚ, "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС, "Тегис Мунай" ЖШС және т.б. ірі компанияларды сатуға шығару жоспарланып отыр.

Е.Бахмутова Қордыӊ жекешелендіру кезінде экономикалық мақсатқа сәйкестігіне баса назар аударатынын айтты, сатылмаған компаниялардыӊ тағдыры да осы қағидаға сәйкес шешілетін болады.

"Сатылмаған активтерді пайдаланудыӊ бірнеше сценариі бар. Ішкі және сыртқы экономикалық ахуал қиындаған жағдайда Қор активтерді сату мерзімін өзгертіп немесе кейінге шегеретін болады. Бұл жерде бірегей акционер ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ мүдделері сақталатын болады", - деді ол.

Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасына орай ҚР Үкіметі "Самұрық-Қазына" АҚ-мен бірлесіп, Жекешелендірудіӊ 2014-2016 жылдардағы кешенді жсопарын жасағаны белгілі. 2014 және 2020 жылдар аралығында Қордыӊ 106 нысаны мен активтерін жекешелендіру жоспарланған. Бағдарламаны жүзеге асыру мемлекеттіӊ экономикаға қатысын азайтып, жеке сектордыӊ үлесін көбейту арқылы экономиканыӊ іргесін мейлінше нығайтуды көздейді.

"САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА" ҰЛТТЫҚ ИЛ-АУҚАТ ҚОРЫ" АҚ

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны