25.02.2016, 13:15 4542

"Самұрық-Қазына" АҚ кадрлық құрамы 65% жаӊарды

Ұйымдастыру құрылымын оӊтайландыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Біз басқарушы құрамды 16 адамнан 9 адамға дейін қысқарттық, сондай-ақ қызметкерлер санын 15 %-ға дейін қысқартуды көздеп отырмыз", - деді, Қордыӊ басқарма мүшесі-Адам ресурстарын басқару жөніндегі басқарушы директор Ұлан Тәжібаев.

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры 2015 жылы жария еткен жаӊа ұйымдастыру құрылымын жасақтауға кірісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

25 ақпанда, Қазақстан Республикасыныӊ Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде, "Самұрық-Қазына" АҚ басшылығыныӊ қатысуымен холдингтегі жаӊа кадрлық саясатқа байланысты брифинг өтті. Қордыӊ жаӊа ұйымдастыру құрылымына өту үрдісі 2016 жылдыӊ басында басталды және бірінші жарты жылдыққа дейін жалғасатын болады.

"Ұйымдастыру құрылымын оӊтайландыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Біз басқарушы құрамды 16 адамнан 9 адамға дейін қысқарттық, сондай-ақ қызметкерлер санын 15 %-ға дейін қысқартуды көздеп отырмыз", - деді, Қордыӊ басқарма мүшесі-Адам ресурстарын басқару жөніндегі басқарушы директор Ұлан Тәжібаев.

Оныӊ айтуынша, біліктілік талаптарыныӊ күшеюіне байланысты соӊғы екі жылда Қор штаты 65 %-ға жаӊарған. Жақын арада 22 %-ға дейін жаӊарту жоспарланып отыр.

"Жаӊарған Қордыӊ қызметкерлері халықаралық тәжірибе мен стандарттарды игерген жоғары білікті мамандар болуы тиіс. Сонымен қоса, елдіӊ алдында тұрған, халықаралық ауқымдағы күрделі міндеттерді орындауға білігі мен құлшынысы болуы шарт", - дейді Ұ.Тәжібаев.

Қордағы басшылық қызметке үміткерлерді іріктеу үш бағыт бойынша жүргізіліп жатыр: Компаниялар тобыныӊ өз ішінен, Қазақстан нарығынан және шетелден талантты, білікті қызметкерлерді іздеп, табу. Шетелдік мамандарды жұмысқа тартудағы мақсат олардыӊ қазақстандық әріптестерімен тәжірибесін, білімін бөлісу болып табылады.

Отандық мамандарды жұмысқа тарту кезінде Қор шетелдік оқу орындары түлектерін біріктіретін "Болашақ" ассоциациясымен және "Қазальянс" ұйымымен тікелей байланыс орнатып отыр.

Өз кезегінде Басқарма төрағасыныӊ кеӊесшісі Дэниэл Крюсберг Қорға қызметкерлерді алу кезінде ашықтық пен әділдікті басшылыққа алатындарын жеткізді.

"Біз ресми сайтымызда бос вакансиялардыӊ барлығын да ашық жария етіп отырмыз және кез келген үміткердіӊ осы вакансияларға өтініш беруіне болады. Сайтта әр конкурстыӊ нәтижесі тұрақты жарияланып отыр. Сондықтан жұртшылық әділдік қағидасыныӊ сақталғанына, бос орындарға конкурстық іріктеудіӊ 8 сатысынан өткен кандидаттардыӊ жұмысқа тұрғанына көз жеткізе алады", - деді Д. Крюсберг.

Қор тобындағы жұмысқа орналасу үдерісініӊ ашықтығыныӊ арқасында бос орындарға қатысу көрсеткіші де барынша жақсарған. Мысалы, 2015 жылы жария етілген 19 бос орынға 982 үміткер тіркелсе, солардыӊ ішінде 211 үміткер тестілеуге қатысты. 104 үміткер кәсіби білігін анықтау тестінен сүрінбей өтсе, 65 адам тілдерді меӊгеру тестінен, 62 адам қабілеттілік тестінен жақсы нәтиже көрсетті. 42 үміткер алқалық талқылауға жіберіліп, 19 адам Қорға жұмысқа алынды. Қазіргі таӊда resume.sk.kz сайтында 13 вакансияға іріктеу жарияланған: оныӊ оны коммерциялық блок бойынша, үшеуі корпоративтік блок бойынша.

"Самұрық-Қазына" АҚ

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны