13.01.2017, 12:49 5047

"Самұрық-Қазына" АҚ мұнай нарығыныӊ 2017 жылға арналған болжамын ұсынады

Қараша, желтоқсан айларында ОПЕК пен оған кірмейтін елдердіӊ кездесуі өтті, бұл кездесу жаһандық инвесторларға 2017 жылдыӊ 1 жартыжылдығына жоспар құруға мүмкіндік берді. Мұнай өндіруді тәулігіне 1,8 млн баррель деӊгейінде ұстап тұру келісімініӊ арқасында мұнай бағасы қарашада 5%, желтоқсанда 8% өсті.

Астана. 13 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2016 жылы мұнай-газ нарығы бірқатар сынақтарды басынан кешірді, жаһандық нарықтыӊ құбылмалығы мен тұрақсыздығы жағдайды тіпті күрделендіріп жіберді. 2017 жылғы мұнай нарығын қалыптастыратын негізгі себептер 2016 жылдыӊ аяғында-ақ орын алды деуге болады. Қараша, желтоқсан айларында ОПЕК пен оған кірмейтін елдердіӊ кездесуі өтті, бұл кездесу жаһандық инвесторларға 2017 жылдыӊ 1 жартыжылдығына жоспар құруға мүмкіндік берді. Мұнай өндіруді тәулігіне 1,8 млн баррель деӊгейінде ұстап тұру келісімініӊ арқасында мұнай бағасы қарашада 5%, желтоқсанда 8% өсті.

Біз ОПЕК мұнай өндіруді қысқартқанымен, оныӊ орны АҚШ-тағы тақтатас мұнайын өндіру есебінен толықтырылады деп ойлаймыз. Тіпті, АҚШ-тағы бұрғылау қондырғыларыныӊ қазіргі санымен-ақ, тақтатас мұнайын өндіру көлемі 2017 жылғы 1 тоқсаннан бастап өсуге бет алды. 2017 жылы мұнай бағасыныӊ өсімі қалыпты болады, яғни, біздіӊ базалық сценарий бойынша барреліне орташа 50-52 доллар болмақ.

Маӊызды факторлар

1. Жаһандық өсім мен мұнайға сұраныс болжамы

Жаһандық экономикалық өсім мұнай нарығыныӊ келешегін болжаудағы маӊызды фактор болып қалып отыр. Кейбір елдердіӊ көрсеткіштері жақсы болғанымен, өзгелерде жағдай оӊды емес. Десе де 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы жоғары өсу қарқыны күтіліп отыр. ІЖӨ 2016 жылы 2,4-3,1% болса, 2017 жылы 2,8-3,4%-ға өседі деп күтіліп отыр.

Мұнайға сұраныс 2017 жылы тәулігіне орташа есеппен 1,15 млн баррельге, яғни 96,5 млн баррельге дейін артады (2016: тәулігіне +1,23 млн.). 2016 жылмен салыстырғанда өсудегі іркілістер АҚШ-та, Индияда, Еуропада байқалатын болса (баға икемділігініӊ төмендеуіне байланысты), Жапония мен Бразилияда сұраныс артады. Мұнай сұранысыныӊ артуына Қытайдыӊ үлесі зор болады, 2016 жылғы сатылған көліктер санына қарасақ, жанармай пайдалану анағұрлым артатынын көреміз.

Жаһандық өсім болжамдары (2016-2017)

Мұнай тұтыну болжамдары,тәулігіне млн баррель (2016-2017)

Дереккөз: ХВҚ, Дүниежүзілік банк, ОПЕК, ХЭА, Самұрық-Қазына

Мұнайға сұраныстыӊ өсуі экономиканыӊ тұрақталуына, көлік секторындағы тұтынушылыққа байланысты болып отыр, ал төмендеу қаупі отынныӊ балама түрлерін қолданған жағдайда және көлік құралдарыныӊ тиімділігін арттырған жағдайда болуы мүмкін.

2. ОПЕК пен оған кірмейтін елдердіӊ мұнай жеткізілімі

30 қарашада ОПЕК 2017 жылғы 1 қаӊтардан бастап мұнай өндіруді тәулігіне 1,2 млн баррельге азайтуға, яғни тәулігіне 32,5 млн баррельге дейін қысқарту туралы шешім қабылдады. Келісім мерзімі - алты ай. 2017 жылғы қысқартудыӊ өзінде ОПЕК өндірісі 2016 жылғы қаӊтардағы деӊгейде қалады, бұл да, келісімдерге қарамастан, 2017 жылы ОПЕК күткен нәтижелер.

9 желтоқсанда ОПЕК-ке кірмейтін 11 ел, ОПЕК шешімініе қолдау ретінде 2017 жылы алты айға өндіріс көлемін тәулігіне 558 000 баррельге төмендетуді ұйғарды. Тиісінше, мұнай өндірісініӊ жалпы төмендетілген көлемі тәулігіне 1,8млн баррель болды.

ОПЕК-ке кірмейтін елдердіӊ өндірісі 2017 жылы тұрақталады. Өндіру Еуропа мен Азия-Тынық мұхит аймағында төмендеп, оныӊ орнын Бразилия мен Канадада артады. Болжам бойынша, өндіріс көлемі жағынан Канада ОПЕК-ке кірмейтін елдердіӊ ішінде үшінші орынға шығады, яғни Бразилия мен Қазақстаннан кейін.

Мұнай жеткізілімініӊ болжамы, тәулігіне млн баррель (2016-2017)

Дереккөз: ОПЕК, ХЭА, Самұрық-Қазына

Мұнай бағасыныӊ икемділігі мен болжамдар

2017 жылғы мұнай бағасыныӊ икемділігі жоғары болады деп күтеміз, бұл, ОПЕК пен оған кірмейтін елдердегі тәуекелдер төмендеді, сондай-ақ геосаяси факторлар да мұнай бағасына әсер етіп жатыр.

ОПЕК-тегі өндірістіӊ қысқаруы АҚШ-тағы тақтатас мұнайын өндіру есебінен толықтырылады деп күтеміз. Тақтатас мұнайы өндірісініӊ артуы мұнай бағасыныӊ өсуіне шектеу қояды. Тіпті, АҚШ-тағы бұрғылау қондырғыларыныӊ қазіргі санымен-ақ, тақтатас мұнайын өндіру көлемі 2017 жылғы 1 тоқсаннан бастап өсуге бет алды. 2017 жылы мұнай бағасыныӊ өсімі қалыпты болады, яғни, біздіӊ базалық сценарий бойынша барреліне орташа 50-52 доллар болмақ.

Мұнай бағасыныӊ болжамы, АҚШ доллары/ баррель

Болжамдар

2017

Блумбрег консенсус

58.09

Фьючерстік келісім-шарттар

55.00

Самұрық-Қазына^

50-52

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны