13.04.2015, 10:52 4594

"Самұрық-Қазына" АҚ Силикон жазығында еншілес компания құру мүмкіндігін қарастырып жатыр

9-10 сәуір күндері "Самұрық-Қазына" АҚ жұмыс тобы Қор басшысы Өмірзақ Шөкеевтіӊ жетекшілігімен Силикон жазығындағы (Калифорния, АҚШ) кәсіпорындарды аралап қайтты

Астана. 13 сәуір. Kazakhstan Today - 9-10 сәуір күндері "Самұрық-Қазына" АҚ жұмыс тобы Қор басшысы Өмірзақ Шөкеевтіӊ жетекшілігімен Силикон жазығындағы (Калифорния, АҚШ) кәсіпорындарды аралап қайтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Самұрық-Қазына" тобындағы бірқатар компаниялардыӊ жетекшілерінен тұратын жұмыс тобы Стэнфорд және Беркли сынды белді университеттер мен Tesla Motors, SolarCity қатарлы танымал инновациялық компаниялардыӊ жұмысымен танысты. Тараптар таза энергетика, газ-химия, көлік, медицина, ауыл шаруашылығы мен білім беру, ІТ саласын дамытуда әріптестік орнату мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда Силикон жазығында "Самұрық Innovation" компаниясын құру мүмкіндіктері қаралды.

Жұмыс бабындағы іс-сапар барысында "Самұрық-Қазына" компаниялары тобыныӊ қызметі таныстырылып, "Астана ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесі, Астанада құрылысы басталған "Жасыл орам" және күн панельдері өндірілетін "Kaz PV" жобасы туралы мағлұмат берілді.

"EXPO 2017" көрмесіне әзірлік аясында іске асырылуы мүмкін бірлескен жобаларды талқылау үшін Стэнфорд университеті, SolarCity және Motors компанияларыныӊ өкілдері ағымдағы жылдыӊ мамыр айында өтетін Астана экономикалық форумына шақырылды. Ұсынысты Силикон жазығыныӊ іскер және ғылыми ортасы ерекше ықыласпен қабыл алды. Жоғарыда аталған қос компанияныӊ директорлар кеӊесініӊ мүшесі және Бас директоры Илон Маскпен келелі кездесуде әріптестікті көрмеге қатысу аясынан ауқымды қарқында ілгерілету жолдары сараланды.

"Самұрық-Қазына" АҚ Корпоративтік коммуникациялар қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны