24.05.2016, 21:09 4242

"Самұрық-Қазына" АҚ таяу уақытта долларға қатысты теӊге бағамыныӊ тұрақталуын болжамдайды

Қазақстанныӊ ұлттық валютасы 2016 жылы тұрақталады. Мұндай болжам "Самұрық-Қазына" АҚ Зерттеулер мен білімдерді басқару департаментініӊ бірінші ашық талдамалы есебінде бар

Астана. 24 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ ұлттық валютасы 2016 жылы тұрақталады. Мұндай болжам "Самұрық-Қазына" АҚ Зерттеулер мен білімдерді басқару департаментініӊ бірінші ашық талдамалы есебінде бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Доллар-теӊге орташа айырбастау бағамы 2016 жылы 355 шамасында болады деп күтілуде", - деп жазылған Қордыӊ Зерттеулер мен білімдерді басқару департаментініӊ талдамалы есебінде, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Талдаудыӊ қысқаша нұсқасы Қордыӊ ресми сайтында келесі сілтеме бойынша орналастырылған.

2016 жылы жаӊа ұйымдастыру үлігісін енгізумен бірге Қордыӊ стратегия және қоржынды басқару бөлімінде зерттеулермен айналысатын команда құрылған. Бұл топтыӊ міндеті дейекті инвестициялық және стратегиялық шешімдерді қабылдау мақсатында Қордыӊ компаниялар тобын сапалы зерттеулер мен талдамалы материалдармен қамтамасыз ету болып табылады.

Естеріӊізге салсақ, 2016 жылдыӊ 25-26 мамыр күндері Астана экономикалық форумы барысында мұнай бағасыныӊ өзгеруі, Қытай экономикасыныӊ өсімі сынды мәселелерге қатысты зерттеулер мен есептерден үзінділер баршаныӊ назарға ұсынылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны