02.02.2015, 20:54 4302

"Самұрық-Қазына" АҚ-ныӊ 2015-2019 жылдардағы даму жоспары бекітілді

"Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеӊесі ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтыӊ төрағалығымен өткен кезекті отырысында 2014 жылды қорытындылап, алдағы 5 жылға жоспар жасады

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеӊесі ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтыӊ төрағалығымен өткен кезекті отырысында 2014 жылды қорытындылап, алдағы 5 жылға жоспар жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Отырыста "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеӊесі жанындағы Трансформация бағдаламасыныӊ іске асырылуын бақылайтын Комитет құру туралы шешім қабылданды. Комитетке Директорлар кеӊесініӊ үш мүшесі кіреді, оныӊ төрағасы болып "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеӊесініӊ төрағасы Кәрім Мәсімов тағайындалды.

Жаӊа комитет Қор компаниялар тобындағы Трансформация бағдарламасыныӊ іске асырылуына тәуелсіз сараптамалық баға беретін болады. Жарты жылда бір рет "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеӊесіне өз ұсыныстарын енгізеді. Талдау нәтижесі жыл аяғында Мемлекет басшысыныӊ қарауына ұсынылатын болады.

Директорлар кеӊесі "Самұрық-Қазына" АҚ-ныӊ 2015-2019 жылдардағы даму жоспарын бекітті.

"Даму жоспары, "Самрық-Қазына" компаниялар тобыныӊ қызметтерін, тауарларға баға мен тарифтерді есепке алады, Қазақстанныӊ 2015-2019 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуыныӊ болжамдарына негізделіп жасалды. Даму жоспарын жасау кезінде Brent маркалы мұнайдыӊ нақтыланған бағасы да ескерілген", - деді "Самұрық-Қазына" АҚ Қаржы директоры Нұрлан Рахметов.

Сондай-ақ, отырыста Қор қызметініӊ өзге мәселелері де қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Корпоративтік коммуникациялар бөлімі "Самұрық-Қазына" АҚ

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны