30.05.2018, 22:32 4332

"Самұрық-Қазына" АҚ-ныӊ жекешелендіру бағдарламасы ресейлік инвесторларға таныстырылды

Инвесторлармен байланыс департаментініӊ директоры Жанболат Кәкішев негізгі төрт бағытқа тоқталып, оныӊ әрқайсысы бойынша Қор инвесторларды іздеуде жекелеген жұмыс жүргізетінін атап өтті.

Астана. 30 мамыр. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" АҚ-ныӊ Қазақстандағы мемлекеттік активтерді жекешелендіру бағдарламасы аясында ЕАЭО инвестициялық мүмкіндіктеріне арналған баспасөз конференциясы "Ресей бүгін" ХАА халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығыныӊ алаӊында өтті. Бейнекөпір форматындағы іс-шараға ресейлік бизнес-қауымдастықтыӊ және Мәскеу, Екатеринбург, Казань мен Астрахань қалаларынан бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері қатысты.

Инвесторлармен байланыс департаментініӊ директоры Жанболат Кәкішев негізгі төрт бағытқа тоқталып, оныӊ әрқайсысы бойынша Қор инвесторларды іздеуде жекелеген жұмыс жүргізетінін атап өтті.

"Бізде негізгі индустрияларда жұмыс істейтін қоржынды компаниялар бар. Мәселен, мұнай-газ немесе тасымалдау және логистика. Бұл салаларда біз негізгі бизнеске сәйкес серіктестерді іздейміз. Екінші бағыт - бұл активтерді сату. Үшінші бағыт - бұл тау-кен немесе мұнай-химия саласындағы дамып жатқан компаниялар. Бұл ретте біз оған ұқсас жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі бар стратегиялық серіктестерді іздейміз. Себебі бұл өзініӊ спецификасы бойынша жаӊа жобалар болып табылады. 4-ші бағыт - теӊ инвестициялау бойынша жобалар", - деп түсіндірді Кәкішев.

"Самұрық-Қазына" АҚ Трансформациялау, жекешелендіру және қайта құрылымдау жөніндегі басқарушы директоры Нұрлан Рахметов бизнесті трансформациялаудыӊ кешенді бағдарламасы шеӊберінде компанияларды сату алдындағы дайындық бойынша ауқымды жүмыс жүргізілгеніне тоқталып, Қордыӊ ұлттық компанияларды IPO-ға шығару жоспары жайлы баяндады.

"Ірі активтердіӊ саны тоғыз екенін атап өттім. Олардыӊ алтауын IPO-ға шығаруды жоспарлап отырмыз. Мұны үш толқын негізінде жүзеге асыру қарастырылған. Біз биылғы жылдыӊ ішінде халықаралық алаӊға үш компаниямызды шығару мүмкіндігін қарастырып отырмыз. Бұл - біздіӊ ұлттық телекоммуникациялық операторымыз "Қазақтелеком", біздіӊ ұлттық әуе тасымалдаушымыз "Эйр Астана", біздіӊ уран компаниямыз "Қазатомөнеркәсіп", - деді Н. Рахметов.

Тағы үш компания - "Самұрық-Энерго", "Тау-Кен Самұрық" және Qazaq Air - екінші толқын аясында жекешелендіріледі. Бұл ретте басқарушы директордыӊ сөзінше, Қор "Самұрық-Энерго" 100% акциялар пакетін сатуды қарастырып отыр, мәміле жайлы қорытынды шешім компанияға жүргізілген тәуелсіз бағалаудан кейін қабылданады. Үшінші толқын аясында "Қазпошта", "ҚазМұнайГаз" және "Қазақстан темір жолы" активтері сатылады.

Атап өткен жөн, ПХЭФ-2018 аясында өткен "Самұрық-Қазына" АҚ-ныӊ Инвестор күніне 134 ресейлік және 74 шетелдік компания қатысты. Олардыӊ арасында Қордыӊ қоржынды компанияларына стратегиялық қызығушылық туғызатын халықаралық холдингтердіӊ, ірі мемлекетті корпорациялардыӊ, банктер мен басқа компаниялардыӊ шамамен 30 топ-менеджері мен өкілі қатысты, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" АҚ Қоғаммен байланыс департаменті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны