02.02.2009, 14:26 1245

"Самұрық-Қазына" қоры БТА банктегі өз үлесін беру жөнінде Ресей Сбербанкімен келіссөздер жүргізуде - Дунаев

"Самұрық-Қазына" қоры БТА банктегі өз үлесін беру жөнінде Ресей Сбербанкімен келіссөздер жүргізуде - Дунаев

Алматы. 2 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры БТА банктегі өз үлесін беру жөнінде Ресей Сбербанкімен келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы бүгін "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басқармалары төрағасының орынбасары Арман Дунаев БТА банкте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз бірқатар стратегиялық инвесторлармен, атап айтсақ, Ресей Сбербанкімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Мемлекет өз үлесін оған бере алатындығын айтып отыр. Мұндай жағдайда біз бірінші кезекте жоғарыда айтылған 78,14% үлесті шамамен 50 де 50 үлеспен беруге уағдаласпақшымыз", - деді А. Дунаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны