13.05.2009, 19:14 2884

"Самұрық-Қазына" қоры инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру үшін бірқатар Корея компанияларымен өзара түсіністік меморандумына қол қойды

"Самұрық-Қазына" қоры инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру үшін бірқатар Корея компанияларымен өзара түсіністік меморандумына қол қойды

Астана. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" -"Самұрық-Қазына" қоры инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру үшін бірқатар Корея компанияларымен өзара түсіністік меморандумына қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Астанада тиісті активтерді сатып алуды қоса алғанда, Қазақстан экономикасының тау-кен, көмір, электр энергиясы, мұнай-газ, көлік және/немесе өнеркәсіп секторларында инвестициялық жобаларды ықтимал бірлесіп іске асыру үшін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның KZPOS Co. Ltd., Daewoo Engineering Co. және BOKWANG GID Co., Ltd. компанияларының консорциумымен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойылды.

Құжатқа "Самұрық-Қазына" қоры өткізген 1 млрд. АҚШ долларына дейінгі мөлшерде Қазақстанның экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстар шеңберінде қол қойылды.

Салтанат барысында тараптар меморандум қазақстан-корей өндірістік кооперациясын тереңдететініне, сондай-ақ тараптардың өзара пайдалы әрі тиімді экономикалық ынтымақтастығын көтермелейтініне және дамытатынына сенімдерін білдірді.

"Самұрық-Қазына" қоры бұрын KZPOS Co. Ltd корей компаниясымен Қазақстанда кейбір активтерді бірлесіп сатып алуда ықтимал ынтымақтастыққа қатысты келіссөздерді бастау туралы меморандумға қол қойған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны