03.10.2018, 19:00 4984

"Самұрық-Қазына" қоры Лондондағы инвестициялық форумныӊ аясында бірқатар келісімге қол қойды

Қор Қызылорда облысындағы Шалқия кен орнында байыту фабрикасыныӊ құрылысын қаржыландыруға тартылатын 295 млн АҚШ доллары сомасындағы міндеттемелерге кепілдік беруші болып отыр.

Астана. 3 қазан. Kazakhstan Today - Лондондағы Қазақстанныӊ инвестициялық форумы аясында "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Еуропалық қайта құру және даму банкініӊ президенті Сума Чакрабарти мырзамен (Sir Suma Chakrabarti) кездесті. Тараптар кездесу нәтижесі бойынша "ШалқияЦинк ЛТД" және ЕҚҚДБ арасында 2017 жылдыӊ маусымында жасалған кредиттік келісімге кепілдік беру туралы келісімге қол қойды. Қор Қызылорда облысындағы Шалқия кен орнында байыту фабрикасыныӊ құрылысын қаржыландыруға тартылатын 295 млн АҚШ доллары сомасындағы міндеттемелерге кепілдік беруші болып отыр.

"Шалқия - Қордыӊ ЕҚҚДБ-мен ынтымақтастығындағы негізгі жобалардыӊ бірі. Еліміздіӊ еӊ ірі қорғасын-мырыш кен орнында байыту фабрикасыныӊ салынуы жылына мырыш концентратында 100 мыӊ тоннаға жуық мырышты, қорғасын концентратында 20 мыӊ тонна қорғасынды өндіруге мүмкіндік береді",-деп атап өтті кездесу барысында Ахметжан Есімов.

Сонымен қатар "ШалқияЦинк ЛТД" және Engineering Dobersek GmbH арасында кен байыту фабрикасыныӊ құрылысын толық аяқтау туралы келісім-шартқа қол қойылды. Бұл Шалқия бойынша жобаны жүзеге асырудағы келесі қадамға айналып отыр. Аталған неміс компаниясы ЕҚҚДБ-ніӊ сатып алу ережелеріне және талаптарына сәйкес өткізілген екі кезеӊдік сауда-саттық қорытындысы бойынша жоба мердігерімен(Plant-Design&Build) таӊдалды. Жоба құны 651 млн АҚШ долларын құрайды. Жоспар бойынша кәсіпорынныӊ бірінші кезегі 2020 жылы іске қосылады.

"Біз ЕҚҚДБ-мен ынтымақтастықтыӊ аясын кеӊейтуге дайынбыз. Мәселен, биыл және келесі жылы жекешелендіру тізімінде 100-ден астам нысан бар. Бизнес тұрғысынан алсақ, олардыӊ барлығы тартымды", - деді Ахметжан Есімов.

Қор басшылығы Лондондағы инвестициялық форумда британдық компанияларға "Самұрық-Қазына" компаниялар тобыныӊ инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Форумныӊ ашылуында сөз сөйлеген Ахметжан Есімов әлеуетті инвесторларды Мемлекеттік активтерді жекешелендіру бағдарламасына қатысуға және Қазақстандағы үш арнайы экономикалық аймақтыӊ аумағында бірлескен кәсіпорындарды құру мүмкіндігін қарастыруға шақырды.

"Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ

Қоғаммен байланыс және

маркетингтік коммуникациялар департаменті

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны