13.07.2017, 15:50 4898

"Самұрық-Қазына" қоры неміс инвесторларын жекешелендіру бағдарламасына қатысуға шақырды

"Самұрық-Қазына" АҚ топ-менеджерлері 2017 жылғы 11-12 шілдеде өткен ГФР Президенті Ф. Штайнмайердіӊ Қазақстан Республикасына сапары аясында бизнес-делегациямен кездесіп, неміс инвесторларын жекешелендіру бағдарламасына қатысуға шақырды

Астана. 13 шілде. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" АҚ топ-менеджерлері 2017 жылғы 11-12 шілдеде өткен ГФР Президенті Ф. Штайнмайердіӊ Қазақстан Республикасына сапары аясында бизнес-делегациямен кездесіп, неміс инвесторларын жекешелендіру бағдарламасына қатысуға шақырды.

- Жекешелендіру бағдарламасыныӊ негізгі мақсаты меншік құрамы мен құрылымын оӊтайландыру арқылы басқару тиімділігін арттыру, білім мен жаӊа технологияларды трансферттеу үшін шетелдік инвестицияларды тарту, сондай-ақ компанияларды жеке меншік секторға сату арқылы пайданы барынша көбейту болып табылады, - деп атап өтті "Самұрық-Қазына" АҚ активтерді оӊтайландыру жөніндегі басқарушы директоры - басқарма мүшесі Берік Бейсенғалиев. - Осы іс-шаралар арқылы мемлекеттіӊ ел экономикасына қатысуын қысқарту және жеке меншік сектордыӊ үлесін арттыру есебінен оныӊ негіздерін нығайту жоспарланған.

Б. Бейсенғалиев Қордыӊ қоржындық компаниялары неміс компанияларымен Шығыс пен Батыс арасындағы теміржол тасымалдары саласында жұмыс жасайтын Еуропадағы интермодальді оператор құру ("KTZ Express" АҚ мен RTSB Gmbh жобасы); Қазақстанда Ұлттық кәсіптік білім беру және біліктілікті арттыру орталығын құру ("Қазақстан Инжиниринг" АҚ мен Райнметалл Шығыс нарықтары ГМБХ жобасы) сияқты бірқатар бірлескен жобаларды іске асырып жатқандығын баса айтты.

Жаӊа индустрияларды дамыту туралы "Самұрық-Қазына" АҚ теӊ басқарушы директоры Ержан Тұтқышев атап өткендей: "Самұрық-Қазына" стратегиялық міндеттерініӊ бірі - жұмыс орындарын құру, салық базасын арттыру, экономиканы әртараптандыру және елдегі экономикалық белсенділікті арттыру үшін ел экономикасына шетелдікинвестицияларды тарту. Оған қоса, қор жеке меншік бизнеспен бәсекелесуді жоспарламайды. Елдегі жеке меншік сектордыӊ үлесін арттыру үшін қор стратегиялық серіктестермен бірлескен инвестициялар жағдайында ғана инвестициялауды жоспарлауда, онда ірі және орта неміс кәсіпорындары осы бағыттағы ынтымақтастықта біздіӊ серіктестеріміз бола алар еді".

ГФР Федералды экономика және технологиялар министрлігініӊ Парламенттік статс-хатшысы Уве Бекмайер сондай-ақ Қазақстан-Германия серіктестігініӊ өзара тиімділігін баса айтты.

"Жаӊа индустрияларды дамыту және жекешелендіру бойынша қор жобалары неміс бизнесі үшін қызықты. Олар жемісті ынтымақтастығымызды жандандыру үшін жаӊа мүмкіндіктер ашады", - деді Уве Бекмайер.

Кездесу соӊында Қордыӊ топ-менеджерлері Германияныӊ бизнес өкілдерін 2017 жылы 5-7 қыркүйекте Астанада өтетін Тәуелсіз қорлар форумына шақырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны