12.07.2017, 16:20 4542

"Самұрық-Қазына" қорыныӊ басшылығы мен Лондон Сити лорд-мэрі өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады

"Самұрық-Қазына" АҚ басшылығы Лондон Сити лорд-мэрі Эндрю Пармлимен және Астанаға іс-сапармен келген британдық делегацияныӊ өзге өкілдерімен кездесті

Астана. 12 шілде. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" АҚ басшылығы Лондон Сити лорд-мэрі Эндрю Пармлимен және Астанаға іс-сапармен келген британдық делегацияныӊ өзге өкілдерімен кездесті.

Тараптар екі жаққа тиімді ынтымақтастықтыӊ мәселелерін талқылады.

"Самұрық-Қазына" АҚ активтерді оӊтайландыру жөніндегі басқарушы директоры Берік Бейсенғалиев атап өткеніндей, Қордыӊ қоржындық компаниялары британдық кәсіпорындармен бірлесіп белсенді түрде жұмыс істейді. Мәселен, UG Energy Limited компаниясы "Самұрық-Қазына Инвест" АҚ бірге Жамбыл облысындағы қуаты 100 МВт "Бурное" күн электр стансасын кеӊейтуде. Сонымен қатар "Эйр Астана" компаниясыныӊ екінші акционері британдық BAE Systems болып табылады, онымен бірге компанияны ІРО-ға даярлық шаралары жүргізіліп жатыр.

"Біз ынтымақтастыққа мүдделіміз. Сіздерді ауқымды жекешендіру бағдарламасына қатысуға шақырамыз. Британдық бизнес компанияларымызды жақсы біледі. Атап өтетіні, шетелдік инвесторлар тарапынан жекешелендіруге қатысты үлкен қызығушылық байқалады. Қазірде ірі компаниялардыӊ ІРО-сын Лондон қор биржасында да өткізу мүмкіндігі қарастырылуда", - деп көрсетті Берік Бейсенғалиев. - 2014 жылдан бастап Қордағы трансформация шеӊберінде қыруар жұмыс атқарылып келеді. Біздіӊ міндетіміз - активтердіӊ құнын көтеру. Бұл үшін бизнес-үрдістерді қайта қарастырып, технологияларды оӊтайландырып жатырмыз. Қоржындық компанияларда Директорлар кеӊестерін күшейту бойынша жұмыс қолға алынған. Британдық корпоративтік басқару кодексі мәдениетімізге енуде. Бұл ретте британдық компаниялар үшін бұл ынтымақтастық қолайлы болмақ".

Лондон Сити лорд-мэрі Эндрю Пармли өз кезегінде Қордыӊ аз уақыттыӊ ішінде үлкен жұмыс жасап үлгергенін атап өтті.

"Лондон Сити ғаламдық сахнада елеулі рөл атқарады, және біз жоспарларыӊызды жүзеге асыруға барынша қатысуға ниет танытамыз. Қажет болса, өз тарапымыздан жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан көптеген жобаларға және жекешелендіру бағдарламасына қызығушылығымыз бар", - деп қосты ол.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны