03.02.2009, 17:28 3418

"Самұрық-Қазына" қорының еншілес компанияларының бюджеті 2009 жылы біршама қысқартылады

"Самұрық-Қазына" қорының еншілес компанияларының бюджеті 2009 жылы біршама қысқартылады

Астана. 3 ақпан. "Қазақстан Бүгін" -"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының еншілес компанияларының бюджеті 2009 жылы 2008 жылғымен салыстырғанда біршама қысқартылады. Бұл туралы бүгін парламент сенатының жалпы отырысында "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" туралы заң жобасын қарау барысында еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрінің міндетін атқарушы Марат Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Марат Құсайыновтың айтуынша, қор құрамындағы компаниялар тобы шамамен 170 млрд теңгені шартты үнемдемек, соның ішінде холдингтің ірі қатысушылары бойынша - 100 млрд жуық теңге үнемделеді. Бұған қоса мемлекеттік холдингтің өз шығыстары 6 млрд теңгеге қысқартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны