08.10.2012, 12:33 3145

"Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорының басқармасы өзінің еншілес ұйымдарына қатысты дивидендтік саясатын бекітті

"2012 жыл ішінде төленетін дивидендтер мөлшері шоғырландырылған таза табыстың 15 пайызына тең мөлшерде қаралған, бұл былтырғы жылдың дивидендтер мөлқерінен екі есеге аз", делінген хабарламада.

Астана. 8-қазан. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорының еншілес компаниялары 2012 жылғы дивидендтерін екі есе төмендетеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оның жаңа редакциясы үкіметпен бұрын келісілген болатын.

"2012 жыл ішінде төленетін дивидендтер мөлшері шоғырландырылған таза табыстың 15 пайызына тең мөлшерде қаралған, бұл былтырғы жылдың дивидендтер мөлқерінен екі есеге аз", делінген хабарламада.

Мемлекеттік қордың дивидендтік саясаты 2013 жылдан бастап компанияның жетілу деңгейіне және компаниялардың қаржы-экономикалық жағдайына қарай компания дивиденттерінің мөлшерін анықтаудың сараланған тәсілін қолдануға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны