14.04.2017, 20:32 6512

"Самұрық-Қазына" өкілдері сатып алулар моделініӊ артықшылықтары туралы баяндады

Еске салып өтсек, 2015 жылғы 4 қыркүйекте Қордыӊ сатып алу қызметініӊ тиімділігін көтеру мақсатында "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеӊесі сатып алуларды басқару бойынша жаӊа концепцияны бекітті. Концепцияға сәйкес,сатып алуды жоспарлаудан бастап қорларды басқаруға дейін жеткізілімдердіӊ толық тізбегін қамтитын сатып алулардыӊ жеті стандартын енгізу көзделген.

Астана. 14 сәуір. Kazakhstan Today - 2017 жылдыӊ 13 сәуірінде Астана қаласында БАҚ өкілдері үшін "Самұрық-Қазына" АҚ (әрі қарай - Қор) сатып алуларды басқару моделініӊ артықшылықтары туралы ақпараттық сессия өтті. Ақпараттық сессияныӊ спикерлері: "Самұрық-Қазына" АҚ трансформация және арнайы жобалар жөніндегі басқарушы директоры Адамас Илькявичюс,"Самұрық-Қазына" АҚ сатып алулар әдістемесі қызметініӊ жетекшісініӊ міндетін атқарушы Юлия Архипова, "Самұрық-ҚазынаКонтракт"ЖШС бас директорыныӊ орынбасары Қайнар Тайжанов.

Еске салып өтсек, 2015 жылғы 4 қыркүйекте Қордыӊ сатып алу қызметініӊ тиімділігін көтеру мақсатында "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеӊесі сатып алуларды басқару бойынша жаӊа концепцияны бекітті. Концепцияға сәйкес,сатып алуды жоспарлаудан бастап қорларды басқаруға дейін жеткізілімдердіӊ толық тізбегін қамтитын сатып алулардыӊ жеті стандартын енгізу көзделген.

Сатып алулар жүйесініӊ басты ерекшеліктері екі механизмді енгізуге байланысты: сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді категорияларға жіктеу, және ықтималды жеткізушілерді алдын ала квалификациялық іріктеу.

Сатып алуларды категориялық басқарудыӊ артықшылығын айтсақ, жеткізушіні таӊдау кезінде басты критерий ретінде тауар, жұмыс немесе қызметті сатып алу сәтінен бастап оны толығымен есептен шығаруға дейінгі тіршілік кезеӊі барысында пайда болған барлық шығындардыӊ жиынтық құны ескеріледі.

Ықтималды жеткізушілерді алдын ала квалификациялық іріктеу дегеніміз - ықтималды жеткізушілерді тәуелсіз бақылау, бұл жеткізушілердіӊ жұмыс атқару, қызмет көрсету және тауар жеткізудіӊ мүмкіндіктерін бағалауға, сонымен қатар сатып алуларды жалған фирмалардыӊ қатысуынан қорғауға көмектеседі. Қазіргі кезде 600 қазақстандық компания алдын ала квалификациялық іріктеуден өтті. Пилоттық жоба шеӊберінде сатып алулар ағымдағы жылдыӊ 3 сәуірінен бастап алдын ала квалификациялық іріктеуден өткен жеткізушілер арасында ғана жүргізіліп, тауарлар, жұмыс пен қызметтердіӊ 64 категориясы бойынша ықтималды жеткізушілердіӊ тізімі құрастырылған.

Ықтималды жеткізушілердіӊ тізіміне енген компаниялар 2-3 жыл ішінде тендерге қатысуға өтінішті қамтамасыз ету үшін жарна төлеу, қызметкерлер құрамын және жұмыс тәжірибесін дәлелдеу, құжаттарды нотариалдық тіркеу міндеттерінен босатылады. Сонымен қатар тәуелсіз бағалау нәтижесінде компанияларға олардыӊ қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар беріледі.

2017 жылы алдын ала квалификациялық іріктеу тәжірибесін "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобыныӊ барлық сатып алуларына қатысты қолдану жоспарлануда.Осыныӊ арқасында Қор өзініӊ сатып алулар жүйесін стандарттарға сәйкес келтіруге және оӊтайландыруға мүмкіндік алып, жеткізушілер үшін дұрыс бәсекелі орта қалыптастыруға жағдай туады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны