27.02.2014, 19:05 8188

"Самұрық-Қазына" ҰИҚ 5 жаңа компания бойынша жұмыс істей бастады - Ө. Шүкеев

"Самұрық-Қазына" ҰИҚ 5 жаңа компания бойынша жұмыс істей бастады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінде қордың басқарма басшысы Өмірзақ Шүкеев хабарлады.

Алматы. 27 ақпан. Kazakhstan today. "Самұрық-Қазына" ҰИҚ 5 жаңа компания бойынша жұмыс істей бастады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінде қордың басқарма басшысы Өмірзақ Шүкеев хабарлады.

"Салалық бағытқа келетін болсақ, егер мұнай газ жобасы басымдылықта тұрса, біз қазір 5 бағыт бойынша жұмыс жасаудамыз. Оған "Самұрық-Энерго" компаниясының энергетикасы, "Таукен Самұрық", тау-кен металлургиялық мұнайгазхимиясы, органикалық химия, машина жасау бизнесі мен жылжымалы мүлік қоры", - деді Ө. Шүкеев.

Оның айтуынша, қорда 2022 жылға жаңа бағыттар мен тапсырмалар қойылуда, ол компанияның құнына байланысты.

"Мәселен, "Самұрық - Энерго" құны бүгін 5 млрд 500 млн долларды құрайды, 2022 жылы компания капиталы 22 млрд құрауы тиіс, "Таукен Самұрық" компаниясы 5 млрд долларға жетуі тиіс", - деді ол.

Қордың басқарма басшысы айтқандай, аталған жобаларды жүзеге асыру барысында Мемлекет басшысы ірі трансұлттық компаияларды тартуды тапсырған болатын.

"Сондай-ақ, оларды жобаға шақыру бір деңгейде жүзеге асыру керек. Басты мақсат - трансферттік технология арқылы жүзеге асуы тиіс", - деді Ө. Шүкеев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны