01.10.2018, 14:48 4287

"Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ және "Fortebank" АҚ бұрын депозитте орналасқан сомасы 220 млрд. теӊге қаражатты облигацияға конвертациялау туралы келісті

Бұл келісімге сәйкес банк Қор тобын жалпы көлемі 220 млрд теӊгеге паритетті негізде қаржыландырады. Оныӊ ішінде Қорға 75 млрд теӊге, "Қазақстан Темір Жолы" ҰҚ" АҚ 75 млрд теӊге және "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ 200 млн АҚШ долларына дейінгі көлемде қаржы қарастырылып отыр.

Астана. 1 қазан. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ және "Fortebank" АҚ бұрын депозитте орналасқан сомасы 220 млрд. теӊге қаражатты облигацияға конвертациялау туралы келісті. Тараптар бұл келісімді Елбасыныӊ экономиканы ұзақ мерзімді несиелендіру және қор нарығын дамыту бойынша іс-шараларды қабылдау тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында жасады.

Бұл келісімге сәйкес банк Қор тобын жалпы көлемі 220 млрд теӊгеге паритетті негізде қаржыландырады. Оныӊ ішінде Қорға 75 млрд теӊге, "Қазақстан Темір Жолы" ҰҚ" АҚ 75 млрд теӊге және "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ 200 млн АҚШ долларына дейінгі көлемде қаржы қарастырылып отыр. Бұл туралы 3 тамызда биылғы жартыжылдықтыӊ қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында алдын ала айтылды.

Қор "ForteBank"-тегі ахуал тұрақты және Банктіӊ өтімділік деӊгейі Қор тобына жарияланған көлемде қаржыландыруды ұсынуға мүмкіндік береді деп санайды. Бүгінде келісім аяқталу сатысында.

"Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны