07.04.2015, 14:43 4296

"Самұрық-Қазына" ҰИҚ ұйымдастырған Трансформация форумында Мемлекеттік басшысы трансформация жоспарын іске асыру жөніндегі біздіӊ идеяларымызбен танысып, "Қазпочта" АҚ рентабельділігін арттыру жөнінде тапсырма берді.

Астана. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Біздіӊ компанияныӊ трансформациялау бағдарламасы - бұл көп еӊбекті қажет ететін және қысқа мерзімді болмайтын процесс. "Самұрық-Қазына" ҰИҚ ұйымдастырған Трансформация форумында Мемлекеттік басшысы трансформация жоспарын іске асыру жөніндегі біздіӊ идеяларымызбен танысып, "Қазпочта" АҚ рентабельділігін арттыру жөнінде тапсырма берді. Қазіргі сәтте компаниямыздыӊ трансформаторлар тобы кеӊес одағы уақытынан бері өзгермеген процестерді сипаттаумен айналысуда. Сонымен қатар, біз шартты түрде "Жедел аударымдар" деп аталатын бірқатар жобаларды іске асыруға кірістік. Осы жобалар ойға алған мақсаттарды жүзеге асыруға қабілетті және Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ тапсырмасын орындауға оӊ әсер ететін бастамалардыӊ бірқатарын іске асыруға көмектеседі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі

1. Смс-хабарлама

2014 жылдыӊ соӊында біз СМС арқылы посылканы алғаны туралы клиенттерді ақпараттандыру жөніндегі жобаны іске асырдық. Бұдан бұрын, біздіӊ бөлімшелерімізде посылкалар айлап жататын. Почтальондар қағаз хабарламаны мерзімінде апарып беріп, клиентті хабардар еткеніне қарамастан, клиент посылкаларына келмейді деп қызметкерлер айтатын. Ахуалды талдай отырып, біз қағазды сатып алуға кететін шығындарды және почтальондар жүретін км санын қысқартқан жаӊа ақпараттандыру форматын енгізуді шештік. Сонымен қоса, 90%-дан астам почта қызметтерін пайдаланушылар байланыс телефоныныӊ - мобильдік немесе қалалық телефоныныӊ нөмірін қалдырып кететінін көрсеткен талдау жүргіздік. Бұл инновация емес - бұл клиенттеріміздіӊ арасында үлкен оӊ пікірге ие болған сервистік компанияныӊ қызмет көрсетуініӊ өркениетті қағидаты.

(1000 КМ жүрудіӊ және қағазға тонналап қаражат жұмсаудыӊ қажеті жоқ)

2. Постаматтар

Елдегі тағы бір ыӊғайлы сервистіӊ бірі автоматтандырылған почта станцияларын коммерциялық пайдалануға көбірек енгізу болды. Постамат клиентіміздіӊ уақыт шығындарын оӊтайландырып, бөлімшелердегі кезекті де азайтуға бейімделген. Постаматтыӊ арқасында клиентке посылканы алу үшін жұмыс уақытында бөлімшеге бару міндетті емес - постаматтар қаланыӊ көптеген СОО орнатылған, сондықтан клиент постаматтыӊ сол немесе басқа ұяшығында посылка бар деген смс хабарламаны алдын ала алып, кез келген ыӊғайлы уақытта өз посылкасын алып кете алады.

Постамат арқылы 200-ден астам посылка, әрбір апта жөнелтілімніӊ өсімі 30%.

3. ГЭП (Гибридтік электрондық почта)

Жазба хат-хабардыӊ нарығы интернеттіӊ агрессивті дамуынан агрессивті қарқынмен құлдырап жатқанына қарамастан, көптеген ірі мемлекеттік органдар мен компаниялар толықтай онлайн режимге өтуге дайын емес және бұны біз түсінеміз. Ұлттық байланыс операторы ретінде біз хат-хабарды қысқа мерзім ішінде жеткізу үшін жаӊа процесс ұйымдастырдық. Гибридтік электрондық почта қызметі жеткізу мерзімін 10 күннен 1 күнге дейін қысқартуды ұсынады. Жұмыс істеу қағидаты қарапайым: арнайы жабдық пен клиенттермен ақпараттық жүйелерді интеграциялау құжаттарды электронды форматта алуға, Қазақстанныӊ кез келген елді мекенінде орналасқан жабдыққа оларды беруге мүмкіндік береді және ол автоматты түрде басып шығарылады, хат конвертке салынады. Почтальон тек қана бұл конвертті адресатқа дейін жеткізуі керек. Яғни, жүгіртпені бір басып-ақ жеткізе аламыз. Қазіргі уақытта клиенттеріміз ҚР Жоғарғы соты болып табылады.

(10 күннен 1-күнге дейін қысқарту, 114 000-дан астам жөнелтілім)

4. КЛИЕНТ бағыттылығы

Клиент үшін түршіктіретін фактор кезек болып табылатыны құпия емес, бірақ Қазпочтада тағы бір фактор - клиенттер мен операторлар арасынада орындықтар/креслолардыӊ және барьерлердіӊ болмауы болды. Қазіргі уақытта клиенттерге жайлылықпен қызмет көрсетуді ұйымдастыру жөнінде ауқымды жұмыс жүргіздік - бүгінгі күні ел бойынша 200-ден астам бөлімшеде отырып қызмет көрсетеді, ал Қазақстан бойынша 100-ден астам бөлімшеде электрондық кезек жұмыс істей бастады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны