13.01.2012, 12:34 3357

"Самұрық-Қазына" ИАҚ UniCredit SpA банкінің 5 пайыз үлесін сатып алды алды деген ақпаратты жоққа шығарды

"Самұрық-Қазына" қорының ресми сайтының мәліметіне қарағанда, кеше "il Giornale" атты итальяндық газетке сілтеме жасап бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары "Самұрық-Қазына" АҚ-ның UniCredit SpA банкінің 5 пайыз үлесін алғаны туралы жалған ақпарат таратқан.

Астана. 13-қаңтар. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" АҚ UniCredit SpA банкінің 5 пайыз үлесін сатып алды алды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, "Самұрық-Қазына" қорының ресми сайтының мәліметіне қарағанда, кеше "il Giornale" атты итальяндық газетке сілтеме жасап бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары "Самұрық-Қазына" АҚ-ның UniCredit SpA банкінің 5 пайыз үлесін алғаны туралы жалған ақпарат таратқан.

"Аталған ақпарат шындыққа сай келмейді. "Самұрық-Қазына" қоры "il Giornale" газетіне бұл жарияланымды теріске шығару туралы өтінім білдірді", деп айтылған таратылған хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны