10.08.2015, 14:02 4048

"Самұрық-Қазына" ҰИҚ-да компаниялар тобы бойынша шығындарды 405 млрд теӊгеге қысқарту жоспарланған

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ компаниялар тобы бойынша 2015 жылы шығын көлемін жалпы 405 млрд теӊгеге қысқарту жоспарлануда, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ҰИҚ-ныӊ бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры Берік Бейсенғалиев

Астана. 10 Тамыз. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ компаниялар тобы бойынша 2015 жылы шығын көлемін жалпы 405 млрд теӊгеге қысқарту жоспарлануда, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ҰИҚ-ныӊ бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры Берік Бейсенғалиев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қаржыны үнемдеуге келетін болсақ, бұл салада қыруар шаруа атқырылды. Нәтижесінде компаниялар тобы бойынша ағымдағы шығын көлемі 405 млрд теӊгеге, жалпы әкімшілік шығындар 55 млрд теӊгеге, капиталды салымдар 18%-ға немесе 235 млрд теӊгеге қысқарды", - деді Б.Бейсенғалиев, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Сонымен қатар, оныӊ айтуынша, жүзеге асырудыӊ белсенді кезеӊіндегі емес, қордыӊ инвестициялық қызметініӊ өсу қарқынына әсер етпейтін бірқатар жобалар тоқтатылып немесе кейінгі мерзімге қалдырылады.

"Оған қоса, ИИДМБ-на, "Нұрлы жол" бағдарламасына енгізілген және ЭКСПО-2017-ге дайындыққа қатысатын жобалар тоқтатылмайды немесе қысқартылмайды", - деп нақтылады бизнесті дамыту жөніндегі бас директор.

Бұдан өзге, ол қор тобындағы компаниялардыӊ санын активтерді бәсекелі ортаға беру арқылы шамамен екі есеге қысқарту жоспарланғанын айтты. Сондай-ақ, басқару деӊгейлерін қазіргі тоғыздан төртке дейін қысқарту жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны