23.12.2008, 14:39 1559

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры 2009 жылдың қаңтар айының басында Ұлттық қордан 480 млрд теңге көлемінде қаржыны қарызға тарту мәселесін қарастырады - Келімбетов

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры 2009 жылдың қаңтар айының басында Ұлттық қордан 480 млрд теңге көлемінде қаржыны қарызға тарту мәселесін қарастырады - Келімбетов

Астана. 23 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін"- "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры директорларының кеңесі 2009 жылдың қаңтар айының басында Ұлттық қордан 480 млрд теңге көлемінде қаржыны қарызға тарту мәселесін қарастырады. Бұл туралы бүгін үкіметтің отырысында сөз сөйлеген "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз бүгін 480 млрд теңге көлемінде қор облигацияларын шығаруды мемлекеттік тіркеуге дайындық жұмыстарын бастадық, олар Ұлттық қорға сатылады", - деді Қ.Келімбетов.

Оның айтуынша, Ұлттық банк Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің жиналысын өткізуге абстама көтеруде, онда рұқсат берілген құралдардың тізіміне "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының облигациялары да енгізіледі".

"2009 жылдың қаңтар айының басында біз "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры директорларының кеңесінің қарауына Ұлттық қордан 480 млрд теңге көлемінде қаржыны қарызға тарту мәселесін енгіземіз. Сондай-ақ, "Самұрық-Қазына" Қазақстан қор биржасы арқылы да несие тарту мәселесін дәйектеу үстінде. Оның листингтік талаптарына сәйкес, 2008 жылғы аудиттік тексерілген қаржылық есеп қажет. Ол тек 2009 жылдың маусым айында ғана дайын болады. Сол себепті биржаға облигациялар шығаруды 2009 жылдың тамыз айына дейін жүзеге асыру мүмкін емес. Жергілікті қор биржасындағы листингтік процедурадан кейін "Самұрық-Қазына" қорының 8% тұрақты купоны бар, өтелу мерзімі 15 жылды құрайтын облигациялары шығарылады. Облигациялар шығару бағдарламасының жалпы көлемі 480 млрд теңгені құрайды", - деді Қ. Келімбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны