23.02.2009, 19:42 3105

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің оныншы ашық жиыны өтті

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің оныншы ашық жиыны өтті

Астана. 23 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет үйінде бүгін "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің оныншы ашық жиыны өтті. Ол жиын Қазақстан Республикасы премьер-министрі-директорлар кеңесінің төрағасы Кәрім Мәсімовтың басшылығымен өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Директорлар кеңесі "Самұрық-Қазына" АҚ жылдық бюджетін құру, бекіту және мониторинг жасау ережелерін қарастырды. Сонымен қатар, 2009 жылдың бюджеті шығындарды қысқару жағынан қайта қарастырылды.

"Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінде мониторинг, бақылау және сараптама жасайтын комитет құру мәселесі, қордағы еншілес компаниялардың басқару және атқару органдарының құрылымы, студенттерді несиелеу бағдарламасы бойынша банк-агентті анықтау мәселесі де, директорлар кеңесінің шешімін күтіп отырған бұдан өзге де мәселелер қарастырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны