19.01.2009, 15:50 3046

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры мен Астана қаласының әкімдігі дағдарысқа қарсы жоспарды жүзеге асыру жолындағы біріккен меморандумға қол қойды

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры мен Астана қаласының әкімдігі дағдарысқа қарсы жоспарды жүзеге асыру жолындағы біріккен меморандумға қол қойды

Астана. 19 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов пен Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов 2008-жылдың 25-қарашасында үкімет қаулысымен бекітілген 2009-2010 жылдарға арналған экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыруға арналған дағдарысқа қарсы жоспарды жүзеге асыру жолындағы біріккен меморандумға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі қордың абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қолдағы бар қаржылық, ақпараттық, құқықтық, ұйымдастырушылық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, екі жақ біріккен іс-шаралар жоспарының төмендегі 4 бағытындағы шаруаларды жүзеге асыруға келісті:

Қаржы саласын тұрақтандыру; тұрғын үй нарығындағы мәселелерді шешу; ота және шағын бизнесті қолдау; инновациялық, индустриалдық, және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру;

Алғашқы бағыт бойынша, екі жақ ақпарат алмасуға келісті, дәлірек айтсақ, банктердің күмәнді активтерін сатып алу жөніндегі сараптамалық және анықтамалық материалдарды алмасып тұруға, сонымен қатар, күмәнді активтер қорына бағытталатын кепілдіктерді мемлекеттік органдарда тіркеу кезінде ықпал жасауға келісті.

Екінші бағыт - тұрғын үй нарығындағы мәселелерді шешу бойынша, Астана қаласындағы тұрғын үйлердің аяқталар шағында қажет болатын тиісті құжаттарды мемлекеттік органдарда тіркеу кезінде, құрылысы аяқталған нысандарды қалалық инженерлік жүйеге қосатын және жобалаушы компаниялар құрылар уақытта туындайтын ұйымдастырушылық-техникалық мәселелерді екі жақ бірігіп шешеді.

Орта және шағын бизнесті қолдау шаралары аясында қор мен әкімшілік қалада кәсіпкерлікті дамыту орталықтарын ашу жөнінде уағдаласты. Бұған қоса, екі жақ отандық кәсіпкершіліктің дамуын тежейтін әкімшілік кедергілерді аңдаған жағдайда, тиісті заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде бірігіп ұсыныстар жасамақ.

Төртінші - инновациялық, индустриялық, және инфрақұрылымдық жобаларды атқаратын бағыт бойынша - жобаларды жүзеге асыратын кездегі қажетті құжаттарды мемлекеттік органдарда тіркеу кезінде, құрылысы аяқталған нысандарды қалалық инженерлік жүйеге қосатын және өзге де мәселелер туындап жатқан жағдайда, ұйымдастыршылық-техникалық мәселелерді екі жақ бірігіп шешеді.

Үкіметтің 2007 жылы қараша айында тұрғын үй саласын тұрақтандыруға жолында қабылдаған бірінші қадамдағы шаралар жоспары аясында, Астана қаласындағы құрылыс объектілерін аяқтауды қаржыландыруға екінші деңгейлі банктер арқылы республика бюджетінен 48,8 млрд.теңге бөлінген. "Самұрық-Қазына" ҰИҚ сол қаржыны жүзеге асырудың операторы болды.

Сол қаржы Астанада 13000 астам пәтері бар 37 тұрғын үй құрылысын қаржыландырды. Оның ішінде 8 тұрғын үй құрылысы салынып, 2009 жылдың алғашқы тоқсанында тағы да 17 үй құрылысы аяқталмақ.

Астана қаласы әкімшілігінің мәліметтеріне қарағанда, 2008 жылы қаладағы құрылыс саласындағы мәселелерді шешу үшін 107 млрд теңге жұмсалған, соның арқасында тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 105,2 % артқан.

Жалпы алғанда, 2008 жылы Астанада 99 тұрғын үй нысанының құрылысы аяқталып, 12 мыңнан астам адам немесе барлық үлескерлердің үштен бір бөлігінен астамы пәтерлерге ие болған.

Орта және шағын бизнесті қолдау шаралары бойынша 2007 жылы желтоқсанда "Самұрық-Қазына" ҰИҚ тарапынан екінші деңгейлі банктер арқылы бөлінген 48,8 млрд теңгенің 2,9 млрд теңгесі Астана қаласы бойынша ағымдағы қаржыдан игерілді.

Қордан басқа, екінші деңгейлі банктердің де ақшасы бағытталған "50 де 50" бағдарламасы бойынша, Астана қаласы бойынша 19,1 млрд.теңге игерілген.

Сөйтіп, орта және шағын бизнесті екінші деңгейлі банктер арқылы қолдау шаралары аясында Астана қаласы бойынша 22 млрд. теңге игеріліп, банк несиесіндегі мемлекеттік қаржы 34,9 % құраған.

Астана қаласы әкімшілігінің мәліметтеріне сүйенсек, өнімдердің номиналды шығарылымы 2007 жылғы өсіммен салыстырғанда, 104,3 % құраған. 2008 жылы қаладағы қаржы институттарының орта және шағын бизнеске 64 млрд теңге немесе 2007 жылдағымен салыстырғанда, 2 есе аз несие бергеніне қарамастан, өсім осындай болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны